shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

БҰҰ-ның 80 жылдығында Түркия-Грекия қарым-қатынасы

2025 жылдың 19 қараша күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Экономика және басқару факультеті, Халықаралық қатынастар кафедрасының ұйымдастыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «Дипломатиялық сұхбаттар» сериясы аясында «БҰҰ-ның 80 жылдығында Түркия-Грекия қарым-қатынасы» тақырыбында онлайн кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты - Түркия мен Грекия арасындағы көпжақты дипломатиялық байланыстардың дамуын, аймақтық ынтымақтастық үлгілерін және БҰҰ аясындағы бірлескен бастамаларды талқылау. Екі елдің халықаралық ұйымдардағы өзара іс-қимыл тәжірибесін, мәдени және гуманитарлық дипломатия бағыттарын, сондай-ақ сенім шаралары мен диалог механизмдерінің мемлекетаралық қатынастарды нығайтудағы рөлін түсіндіру болды. Кездесудің спикері – Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ардагер дипломаты, елші және атташе қызметтерін атқарған, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының  Арнайы бақылау миссиясының бұрынғы бас бақылаушысы Ертуғрул Апакан. Ертуғрул мырза Түркия мен Грекияның халықаралық ұйымдардағы өзара іс-қимыл тәжірибесі, мәдени-гуманитарлық дипломатия бағыттары және сенім шараларының маңызы жөніндегі кәсіби пікірлері мен тәжірибесін ортаға салды. Іс-шара барысында білім алушылар аймақтық қауіпсіздік мәселелерін тереңірек түсініп, Түркия-Грекия қатынастарының қазіргі динамикасы мен көпжақты дипломатияның өзекті аспектілері бойынша құнды ақпарат алды.