shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

2020-2021 оқу жылындағы Университет Сенатының кезектен тыс онлайн-отырысының шешімімен негізі 1991 жылдары қаланған «Менеджмент»,  «Туризм»  кафедралары университет кафедраларының қызметін оңтайландыру мақсатында екі кафедра бірігіп «Менеджмент және туризм» кафедрасы болып біріктірілді. 2023-2024 оқу жылының 10 қазандағы №1/1122 санды бұйрығына сәйкес кафедраларды біріктіру, тиімді ұйымдастыру, мамандықтарды кафедраларға ауыстыру мақсатында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы  «Менеджмент және туризм» кафедрасы құрамына енгізіліп, кафедра атауы «Менеджмент және туризм» болып қайта бекітілді. 

Қазіргі таңда кафедарының ғылыми дәрежелік көрсеткіші: 70%, оның ішінде PhD, профессор-3, э.ғ.к. доцент – 2, PhD, доцент – 4, PhD, аға оқытушы – 5,  Магистр, аға оқытушы – 2, Магистр оқытушы – 4 жұмыс істейді.

2025-2026 оқу жылы кафедрада 6В04140 – Менеджмент білім беру бағдарламасы бойынша 88 білім алушы білім алуда. 

Ал 7М04119- Менеджмент білім беру бағдарламасы бойынша 2 магистрант білім алуда.

Сонымен қатар, 6В04141 – Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасы бойынша 46 білім алушы білім алуда. 

7М04121 – Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасы бойынша 1 магистрант және  8D04114 - Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасы бойынша 10 докторант білім алуда.

6В11157–  Туризм білім беру бағдарламасы бойынша 65 білім алушы білім алуда.

Жалпы, қазіргі таңда кафедрада 212 білім алушы бар.

Кафедраның мақсаты:

Ахмет Ясауи университетінің сапалы білім беру, ғылыми инновацияны дамыту және түркі әлеміне қызмет ету миссиясына сәйкес, Менеджмент және туризм кафедрасының негізгі мақсаты – заманауи менеджмент пен туризм салалары бойынша бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті, цифрлық трансформацияға бейімделген мамандар даярлау; өңірлік және халықаралық туризм индустриясын дамытуға ғылыми-инновациялық үлес қосу.

Кафедраның міндеттері:

1. Білім беру қызметі

Қазақстанның және түркі әлемінің әлеуметтік-экономикалық даму талаптарына сай білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңғырту.

Туризм, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару бағыттары бойынша компетенттілікке негізделген, тәжірибемен ұштасқан оқу үрдісін ұйымдастыру.

Цифрлық технологияларды (Big Data, GIS, CRM, туристік автоматтандыру жүйелері) оқу үдерісіне енгізу.

Теориялық білімді практикалық тәжірибемен ұштастыру үшін өндірістік тәжірибелер және салалық компаниялармен серіктестікті кеңейту.

2. Ғылыми-зерттеу жұмысы

Өңірдегі туризмді дамыту, мемлекеттік басқару, цифрлық менеджмент және тұрақты даму бағыттарында ғылыми зерттеулер жүргізу.

Университеттің стратегиялық мұратына сәйкес түркі әлемі арасындағы ғылыми интеграцияны дамыту; халықаралық жобаларға қатысу.

Магистранттар мен студенттердің ғылыми зерттеу мәдениетін қалыптастыру, Scopus және WoS журналдарында жарияланымдарға жағдай жасау.

Туризм индустриясы мен менеджмент салаларында инновациялық өнімдер, әдістемелер және сараптамалық зерттеулер әзірлеу.

3. Тәрбиелік-әлеуметтік жұмыс

Ахмет Ясауи университетінің рухани-адамгершілік құндылықтарына негізделген студент тәрбиесін жүзеге асыру.

Академиялық адалдық қағидаларын сақтау және насихаттау.

Студенттердің көшбасшылық, жауапкершілік, кәсіпкерлік және креативті ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру.

Түркі халықтарының тарихы, мәдениеті және ортақ құндылықтарын дәріптеу.

4. Халықаралық байланыстар және серіктестік

Түркі мемлекеттері арасындағы академиялық ұтқырлықты дамыту (Mevlana, Erasmus+, Orhun бағдарламалары).

Туристік ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар, қонақүй және сервис кәсіпорындарымен стратегиялық әріптестік орнату.

Халықаралық оқу-ғылыми жобалар мен конференцияларға қатысу.

5. Кафедраның институционалдық дамуы

Білім беру бағдарламаларын үнемі жаңғырту және сапа менеджменті жүйесін жетілдіру.

Оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру: тренингтер, тағылымдамалар, біліктілік курстары.

Цифрлық трансформация талаптарына сай оқу-әдістемелік материалдарды жаңарту.

Университеттің стратегиялық даму индикаторларын орындауға үлес қосу.