shape
shape

Жетістіктер

Кафедраның жетістіктері

2017-2024 жылдары Тұрысбеков Нұржан  Түркияның Гази университетінде докторантура (PhD) бағдарламасын сәтті аяқтап, биыл яғни 2024 жылдың Қаңтар айынан бастап кафедрада жұмыс жасайды.

ОПҚ марапаттары:

2023 жылдың  16 желтоқсан күні кафедра меңгерушісі  Амирбек А. оқу ісі мен мәдени-тәрбиелік жұмыстарға белсене араласып, өз  ісінде біліктілік танытқаны және оқу ордамыздың жоғары жетістіктерге жетуіне үлес қосқаны үшін университет ректорының алғыс хатымен және медалімен марапатталды.

Құрметті білім алушылар және әріптестер, 2025-2026 оқу жылы біздің Халықаралық қатынастар кафедрасы ұжымы үшін өте сәтті басталды. Оқу жылы басталған кафедрамыздың ғалымдары мен ұстаздары түрлі марапттарға ие болды. Солардың қатарында PhD, доцент Амирбек Айдарбек Ануарбекулы, кафедра меңгерушісі Анламасова Макпал Касымхановна, PhD Досболов Абзал Еменұлы, PhD Тажибаев Рашид Ибрагимович және PhD Турузбеков Нуржан білім және ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР ҒЖБМ Алғыс хатымен марапатталды. Әріптестерімізге құтты болсын айта отырып, алдағы уақытта да қызметіне табыс, отбасына амандық тілейміз.

«6В03138-Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының студенттері Almaty Management Universityде өткен «Халықаралық қатынастар және аймақтану» бағыты бойынша XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадада жүлделі ІІІ орынға ие болды. Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Амирбек Айдарбектің ғылыми жетекшілігінде студенттеріміз: Бердібекұлы Мәди, Хамит Арайлым, Лес Ақбота, Ахетова Адия, Қарабай Раушанбек «Тұрақты даму және Қазақстанның сыртқы саясаты» атты жобаларын сәтті қорғап, сарапшылар тарапынан жоғары деңгейде бағаланып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Осы орайда, бұл студенттерімізді құттықтай отырып, жетістіктерінің арта беруін тілейміз.