ДИПЛОМАТИЯ ДИАЛОГЫ: ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ЕЛШІСІМЕН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Оқу ордамызда ҚР Еуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы, Елші Алешка Симкичтің қатысуымен «Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды «AYU Дипломатиялық сұхбаттар сериясы» аясында Экономика және басқару факультеті, Халықаралық қатынастар кафедрасы ұйымдастырды.
Шараға университет профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Жиынды ашып беру үшін сөз бастаған ректор өкілі Пейами Баттал: «Осындай басқосулардың студенттер үшін маңызы зор. Жастардың елші, бас консул секілді халықаралық тәжірибесі мол тұлғалармен жүздесіп, пікір алмасуы – үлкен мүмкіндік.
Университетіміз 1992 жылы қазақ-түрік университеті ретінде құрылған. Бүгінде оқу ордамыз Түркі әлемінің 20 жуық республикасы мен түркі қауымдастықтарынан студент қабылдайды. Әртүрлі елден келген жастар бір шаңырақ астында білім алып, өзара достық пен бауырластық қарым-қатынас орнатуда.
Бүгінгі кездесу барысында сіздер Елшінің мол тәжірибесінен пайдалы мағлұмат алып, көкейлеріңіздегі сұрақтарға жауап табасыздар деп сенемін. Баршаңызға сәтті кездесу тілеймін!»,-деді.
Семинар барысында ҚР Еуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы, Елші Алешка Симкич Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің негізгі бағыттары, саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары кеңінен талқылады.
Спикер жаһандық және аймақтық деңгейдегі өзекті мәселелерді шешудегі Еуропалық Одақтың рөлі мен Қазақстанмен бірлескен жобаларына тоқталды. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар дипломатиясының құқықтық ерекшеліктері мен оның дәстүрлі мемлекетаралық дипломатиядан айырмашылығына да шолу жасады.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша пайдалы ақпарат алды.
Сабақ кестесі
Стартап жоба: идеядан іске
Әлеуметтік – мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі
Құрметті Мырзабекқызы Құндыз сізді құттықтаймыз!
«Андалусияның бренд қалалары» тақырыбында семинарға шақырамыз
"Дүниежүзілік тазалық күні" акциясы
Бірінші курс студенттерін қарсы алу кеші
Тұрақты қалдықтарды басқару қалай жүзеге асырылуы тиіс?
Құрметті 1-курс студенттері!
Құрметті ғылыми қауым өкілдері!
ӘЙЕЛДЕРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТУ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТЕГІ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ
ТЕҢДІКТІ ТҮСІНУ: БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕМ 