shape
shape

Миссия және міндеттер

Кафедраның миссиясы

Кафедраның миссиясы:

Халықаралық қатынастар және саясаттану саласында іргелі әрі қолданбалы ғылымға негізделген сапалы, заманауи және бәсекеге қабілетті білім беру арқылы республикалық білім беру кеңістігінде көшбасшы болу. Қазіргі жаһандану жағдайында шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, сараптамалық және талдау дағдылары жан-жақты дамыған, кәсіби біліктілігі терең қалыптасқан, халықаралық стандарттарға сай мамандар даярлау.

Кафедраның міндеттері:

Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар, саясаттану және дипломатия саласында жүйелі базалық білімі бар, аналитикалық ойлау қабілеті мен тәжірибелік дағдыларды жетік меңгерген, іскерлік және мәдениетаралық коммуникацияға қабілетті, өзін-өзі үздіксіз жетілдіруді бағдар еткен, жаһандық өзгерістер мен заманауи талаптарға жылдам бейімделе алатын жоғары білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.