Зерттеулер бойынша этикалық комиссия

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) Зерттеулер бойынша этикалық комиссиясы (Комиссия) биомедициналық зерттеулерге қатысушылардың қауіпсіздігін және құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында биомедициналық зерттеулер жүргізумен байланысты құжаттарға оларды жоспарлау кезеңінде, орындалу барысында және аяқталғаннан кейін биоэтикалық сараптама жүргізетін тәуелсіз сараптама органы болып табылады. Сонымен қатар, Комиссия зертханалық жануарларды биомедициналық тәжірибелерде пайдалану ережелерін, оларға адамгершілікпен қарау принциптерін, сондай-ақ зерттеу материалдарына этикалық және моральдық-құқықтық баға беруді атқарады.

Комиссия өз қызметінде келесі құжаттарды басшылыққа алады: Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, «Жақсы клиникалық тәжірибе», «Тиісті зертханалық тәжірибе» ҚР Мемлекеттік стандарты, Дүниежүзілік медициналық ұйымның Хельсинки декларациясы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының биомедициналық зерттеулерге сараптама жүргізетін этика комитеттерінің жұмысына арналған нұсқаулық, эксперименттік және басқа да ғылыми мақсаттарға арналған омыртқалы жануарлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Еуропалық конвенция, ҚР клиникалық зерттеулерді реттеу саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілер, зерттеу этикасы саласындағы халықаралық декларациялар мен нұсқаулар және Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия туралы ереже.

Комиссия жергілікті деңгейде ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде гуманизмнің, моральдың және биомедициналық этиканың жалпы принциптерін сақтауға қатысты барлық мәселелерді қарайды.

Комиссия ХҚТУ құрылымдық бөлімшесі болып табылады және 2022 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді.

Комиссияның негізгі міндеттері:

  • зерттеу құжаттарына тәуелсіз сараптама жүргізу;
  • зерттеуді жоспарлау және жүргізу сатыларында адам құқықтарының сақталуы мен қауіпсіздігін тәуелсіз бағалау;
  • биомедициналық зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық және ұлттық этикалық нормалардың сақталуын бағалау.


Комиссия құрамына Комиссия төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді. Комиссия мүшелері 3 жыл мерзімге тағайындалып, келесі мерзімге қайта сайлауға құқықты.

Төрайым – Ошибаева Айнаш Есимбекқызы

Хатшы – Асан Айнұр Асанқызы

Сұрақтарға +7 775 150 07 07  WhatsApp нөмірі бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін, 14.00 - 19.00 аралығында жауап беріледі.

МАҢЫЗДЫ: Өтінімдер сәрсенбі–жұма, 14.30-17.30 аралығында қабылданады.

ainur.assan@ayu.edu.kz

Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы, 29, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат, 401 бөлме.

Зерттеу этикасы бойынша жергілікті комиссияның ережесі (ЛЭК)

Жылдық жоспар ЛЭК 2022

Отырыс кестесі ЛЭК

Диссертацияға қажетті құжаттар тізімі

Зерттеуге арналған құжаттар тізімі

ҚР ДСМ Биоэтика бойынша орталық комиссия сертификаты

СОП 1 СОП-тарды жазу, қарау, тарату және қайта қарау
СОП 2 ЗБЭК жұмысын ұйымдастыру (1)
СОП 3 Құпиялылық, мүдделер қақтығысы туралы келісім (1)
СОП 4 Тәуелсіз кеңесшілерді іріктеу
СОП 5 Өтініш беру рәсімі
СОП 6 зерттеуді бағалау нысаны
СОП 7 Зерттеуге алғашқы рет сараптама жасау
СОП 8 Жеделдетілген сараптама
СОП 9 Медициналық жабдықтарды зерттеу сараптамасы
СОП 10 Қорытынды есептерді қарастыру
СОП 11 Сараптамаға өтінішті қайта қарау
СОП 12 Зерттеу барысына енгізілген түзетулерді қарау
СОП 13 Зерттеуді тоқтатуды басқару
СОП 14 Сәйкессіздік, хаттаманың бұзылуы
СОП 15 Зерттеу барысын бақылау
СОП 16 Күрделі күтпеген құбылыстарды қарастыру
СОП 17 Зерттеу орталығын тексеру
СОП 18 Ағымдағы зерттеу құжаттарымен жұмыс
СОП 19 Зерттеуге қатысушылардың сұрақтарына жауаптар

  • Shape Images