Педагогтік қайта даярлау курстарына құжат қабылдау басталады!

  • 13.06.2024
  • KZ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Педагогикалық қайта даярлау ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 17.03.2020 жылғы №110 бұйрығына сәйкес 2024-2025 оқу жылына 01 шілдеден бастап педагогикалық емес кәсіптік білімі бар, алғаш рет тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіби қызметіне кірісетін тұлғаларға арналған педагогтік қайта даярлау курстарына құжат қабылдау басталады:

шифр

Дайындық бағыты 

Педагогикалық ББ атауы

Жалпы академиялық кредит саны

Оқу кезеңі (аймен)

Оқу төлем ақысы

(теңге)

Білім курстарына бара алатын ББ атауы

1

6B011

Педагогика және психология

6B01101 Педагогика және психология

60

6 ай

350 000

6В050300-Психология

2

6B012

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

6B01202 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

60

6 ай

350 000

6В050300-Психология

3

6B013

Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау

6B01303 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

60

6 ай

350 000

6В050300-Психология

6B01405 Денешынықтыру және спорт 

60

6 ай

350 000

6B11103 Демалыс және спорттық және сауықтыру туризм

6B01406 Музыкалық білім 

60

6 ай

350 000

6B02165 Эстрада өнері

6B02122 Дәстүрлі музыка өнері (Халық әні)

Вокалдық өнер

6B01478 Көркем еңбек және графикалық жобалау

60

6 ай

350 000

6B02125 Сән өнері

6B02126 Дизайн

5

6B015

Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

6B01509 Математика

 

60

6 ай

350 000

6B05449 Математика

6В061 Математикалық компьютерлік модельдеу

6B01513 Биология

 

60

6 ай

350 000

6B05146 Биология

6B05169 Биотехнология

6B01510 Физика

 

60

6 ай

350 000

6B05348 Физика

Ядролық физика

Техникалық физика

6B01573 Информатика 

 

60

6 ай

350 000

6B06151 Ақпараттық жүйелер

6B06182 Компьютерлік инженерия

6B06181 Ақпаратты өңдеу және деректерді визуализациялау

6В061 Информатика

Есептеу техникасы

6B01512 Химия

6B01562 Химия-Биология

60

6 ай

350 000

6В05302 Химия

6B01514 География

60

6 ай

350 000

6В060900 География

6

6B016

Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау

6B01615 Тарих

 

60

6 ай

350 000

6B02231 Тарих

7

6B017

Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

6B01716 Қазақ тілі мен әдебиеті

 

60

6 ай

350 000

6B02336 Филология: қазақ филологиясы

6B01717 Орыс тілі мен әдебиеті

60

6 ай

350 000

6B02336 Филология: орыс филологиясы

6B01718  Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын-қытай)

60

6 ай

350 000

6B02332  Шетел филологиясы (ағылшын тілі)

6B02333 Шетел филологиясы  (түрік тілі)

6B02335 Аударма ісі: ағылшын тілі

6B01719 Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын-түрік)

 

60

6 ай

350 000

Аталған курстарды ұйымдастырудың мақсаты қазіргі заманғы педагогикалық, коммуникативтік, цифрлық құзыреттіліктерге, инклюзивті білім беру дағдыларына ие тұлғаларды, жоғарыда аталған тұлғаларды педагогтік қайта даярлау арқылы өңірде және республика бойынша педагог кадрлардың жетіспеушілігі проблемасын шешу болып табылады.

Бұл педагогикалық білім берудің тізбектелген үлгісі әртүрлі қазақстандық жоғары оқу орындарының ынтымақтастығымен және халықаралық консультанттарды тарта отырып әзірленген, педагогтарды даярлауға арналған ұлттық білім беру бағдарламасы болып табылады

Педагогикалық білім берудегі тізбектелген бағдарлама – белгілі бір пән бойынша ғылыми дәрежесі бар, бірақ білім беру мекемелерінде (мектептер, колледждер, лицейлер) өз пәні бойынша мұғалім біліктілігін алғысы келетін болашақ мұғалімдерді даярлауға арналған бағдарлама. Тізбектелген бағдарлама  жалпы саны 60 академиялық кредитті құрайтын педагогикалық практиканы қоса алғанда, педагогикалық курстардан тұрады және Қазақстандағы білім берудің барлық деңгейлерінде белгілі бір пәндік салада оқыту үшін біліктілікті қамтамасыз етеді.

Тізбектелген бағдарлама  4 модульден тұрады: "Болашақ мұғалімді тұлға ретінде қолдау", "Оқу және оқытуды бағалау", "Мұғалім – рефлексиялық практика иесі", "Мұғалім – оқу фасилитаторы»

Тізбектелген бағдарлама  болашақ мұғалімдердің құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмей, теңдік, сыйластық, төзімділік қағидаттарын сақтай отырып, оқуға тең мүмкіндіктер береді. Табиғаты жағынан ол пәнаралық, болашақ мұғалімдерге бағытталған, ғылыми интеграцияланған және проблемалық-бағдарланған болып табылады, ал курстарды таңдау тарих пен қоғамның өзекті мәселелерімен анықталады және курстардың халықаралық сипаттамаларына сәйкес келеді.