


аға оқытушы Магистр , Танирбергенова Самал Балтабаевна
Оқу-әдістемелік комитетінің мүшесі
Мен Танирбергенова Самал Балтабаевна 25.08.1989 жылы Оңтүстік Қазахстан облысы, Отырар ауданы, Маяқұм ауылында дүниеге келгем. 1996 жы Түркістан қаласы №18 Ж.Еділбаев атындағы жалпы қазақ-орта мектебіне 1-ші сыныбына қабылдандым. 2001 жылдың қыркүйек айынан бастап Түркістан қаласы №1 А.Байтұрсынов мектебінің 8-ші сыныбына қабылданып, 2007 жылы аталған оқу орнының 11 сыныбын бітірдім. 2007 жылдың қыркүйек айында Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Медицина факультетіне қабылдандым. 2014 жылы «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығы бойынша тәмамдадым. 2014-2018 жылдар аралығында Түркістан жоғарғы медицина колледжінде оқытушылық қызметін атқардым. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Медицина факультетінде оқытушы қызметін атқарудамын. Отбасы жағдайым- тұрмыстамын. 2 ұл 1 қызым бар