


оқытушы Магистр , Қонысова Салтанат Ағазамқызы
ӨМІРБАЯН
Мен, Қонысова Салтанат Ағазамқызы , 1992 жылы, Түркістан қаласында дүниеге келдім. 1998 жылы Түркістан қаласындағы №4 Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ орта мектепте бірінші сынып оқушысы атандым. Орта мектепт 2009 жылы бітірдім. 2009 жылы Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультеті екі шет тілі мамандығына (ағылшын -неміс)оқуға түстім. 2013 жылы Астана қаласында «Lingualand» білім беру орталығында ағылшын тілі оқытушысы болып жұмыс атқарумен мансабымды бастадым. 2015 жылы Қожа Ахмет Ясауи университетіне, филология факультеті, екі шет тілі мамандығы (ағылшын -түрік) бойынша оқуға түсіп, 2017 жылы тәмамдадым. Шымкент қаласында 2017-2019 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде оқытушылық қызмет атқардым . 2019 жылы Түркістан қаласы «Ұстаз» компаниясына жұмысымды ауыстырдым. 2019 жылдың күзінен бастап МКТУ филология факультеті, Ағылшын филологиясы және аударма ісі кафедрасында оқытушылық қызмет атқарудамын.