team
аға оқытушы Магистр , Оразхан Нұрлан Оразханұлы

Телефон:
+7(725) 336-3848
Электрондық пошта:
nurlan.orazkhan@ayu.edu.kz
№:
317

Өмірбаян

Оразханұлы Нұрлан 14.04.1979 жылы туған. 1986-1996 ж. №1 А. Байтұрсынов атындағы қазақ-орта мектебіне барды. 1996-2000 жылдары аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Ағылшын тілі және әдебиеті мамандығын бітірген. 2000-2002 жылдары Ағылшын тілі және әдебиеті мамандығы бойынша магистратурасын тамамдады. Еңбек жолын 2000 жылы Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Ағылшын филологиясы кафедрасында оқытушылық қызметіне қабылданды. 2006 – 2008 жылдары Атырау облысы Теңіз Шеврон кенішінде аудармашылық қызмет атқарды. 2011 жылы ХҚТУ университетінің 6D011400 Педагогикалық тарих мамандығы бойынша докторантураға түсіп,  2014 жылы аяқтады. 2014-2016 Қ.А. Ясауи атындағы Қазақ-Түрік унивеситеті  Жалпы тарих кафедрасының оқытушысы.Қазіргі таңда Филология факультеті, Педагогикалық  шетел тілдері кафедрасында  оқытушы қызметін атқаруда. Оразхан Нұрланның қазіргі таңда жиырмаға жуық ғылыми мақалалары жарияланған, оның ішінде үш скопус мақаласы, алыс шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланған мақалалары және халықаралық конференциялар жинақтарында жарық көрген мақалалары бар. Google scholar сілтеме көрсеткіші бойынша h индексі – 1. 2016-2024 оқу жылдарында бес оқу құралы жарық көрді. 

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.