team
оқытушы Магистр , Дайрабаева Гүлмира Әділбекқызы

Телефон:
+7(725) 336-3636
Электрондық пошта:
gulmira.dairabayeva@ayu.edu.kz
№:
215 кабинет

                                                                                     Өмірбаян

Дайрабаева Гүлмира Әділбекқызы 1984 жылы 22 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келген. 

1991-2001 жылдары №5 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебін бітіріп, 2001-2005 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі мамандығында оқып,  бакалавр дәрежесі дипломын алады.

2007-2009 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Педагогика және психология мамандығының магистратурасында оқып,  «Педагогика және психология» мамандығы   бойынша ғылым магистрі дәрежесі дипломын алды.

2009 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жалпы психология кафедрасына оқытушы қызметіне жұмысқа қабылданды.

Қазіргі таңда Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық» факультетінің Педагогика және психология кафедрасында магистр оқытушы қызметін атқарып келеді.                                          

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.