


профессор Ғылым докторы, Нускабаев Оразбек
ОРАЗБЕК НҰСҚАБАЕВ – Социология
ғылымдарының докторы, профессор.
Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің
құрметті қызметкері. Академик.
О.Нұсқабаев 1991 жылы Түркістан қаласында А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ашылған алғашқы күндерден 2014-2015 оқу жылына дейін кафедра меңгерушісі, ал 2015 жылдан бері «Қоғамдық пәндер» кафедрасының профессоры қызметін атқарып келеді.
Ол 5 монографияның, 25 оқу-әдістемелік құралдың, 100-ден астам ғылыми мақаланың авторы:
- Социология. Оқулық (екінші басылымы) - Түркістан: А.Ясауи университетінің «Тұран» баспасы, 2008.-174б.
- Жалал ад-Дин Румидің өмірі мен шығармашылығы. Монография.-Түркістан: А.Ясауи университетінің «Тұран» баспасы, 2010.-153б.
- Азаматтық позиция мен Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру (Философиялық толғау). Монография. – Тұркістан: А.Ясауи университетінің «Тұран» баспасы, 2012.-243б.
- Жаһандану жағдайындағы ұлттық қауіпсіздік қағидаттары (мақала). //Ақиқат. Ұлттық қоғамдық – саяси журнал. - 2013. - №5. - 99-101беттер.
- Роль семьи в социолизации молодого поколения //Саясат – Policy - 2015.-№6.стр.25-31. (Информационно-аналитический журнал «Саясат - Policy имеет импакт-фактор за 2011-2016 годы составляющий 0,007»).
- Маңғытай, маңғыт, ноғай тарихы (этносоциологиялық талдау). Монография. –Алматы: Қазақстан, 2015-256б.
Оның жетекшілігімен 17 адам кандидаттық және докторлық, 23 адам магистрлік диссертация қорғады.
Профессор О.Н.Нұсқабаев Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ – нің жанынан Түркістан қаласында тұңғыш рет ашылған Философия, социология және экономикалық социология мамандықтары бойынша диссертациялар қорғалатын Мамандандырылған кеңес (1997-2002 жылдар аралығында қызметтенді) төрағасы болды. Ол бірнеше ғылыми басылымдардың редколлегия мүшесі, әлеуметтік-гуманитарлық ғылым салалары бойынша осы уақытқа дейін өткізілген 50-ден астам Халықаралық ғылыми симпозиумдар мен конгрестердің тұрақты қатысушысы, мемлекеттік гранттар бөлінген салиқалы ғылыми зерттеулер жетекшісі.
Салиқалы ғылыми жетекшіге лайықты мағыналы зерттеулерді саралайтын тың тақырыптарды ұсына білу қабілеттілігі О.Нұсқабаевтың жанына талантты жастардың топтасып, қоғамтану ғылымында жаңа мектептің қалыптасуына себепші болды. Соц.ғ.д., профессор О.Нұсқабаевтың жетекшілігімен олар бүгінгі таңда осы заманның көкейтесті мәселелерін зерттеулермен айналысуда.
Марапатталуы:
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалы (2011 жылға 10 қарашадағы ҚР Президентінің жарлығымен)
- «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» медалы (ОҚ облысы әкімінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №1-3180 өкімімен).
- «Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов» медалы (ҚР Қорғаныс министрілігінің 2015 6 мамырдағы жарлығымен).
- «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі (БжҒ министрлігінің 24 сәуір 2014 жылғы жарлығымен).
- Оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен (ҚР БжҒ министрлігінің 23 желтоқсан 2009 жылғы жырлығымен).
- «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен (ҚР БжҒ министрлігінің 9 маусым 2009 жылғы жарлығымен)