


доцент PhD., Қалдыбай Қайнар Қалдыбайұлы
ӨМІРБАЯН
Қалдыбай Қайнар Қалдыбайұлы - PhD доктор, қауымдастырылған профессор. «Дарынды жас ғалымдарға арналған» мемлекеттік ғылыми стипендия иегері.(2017ж). «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021».«Болашақ» Халықаралық стипендиясы иегері. (2021ж.)
2002-2006 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Заң факультеті, «әлеуметтану» бөлімінде білім алды. Оқып жүргеннен бастап өзінің ғылымға деген икемділігін байқатып, студенттердің ғылыми-теориялық конференциясында 1-2-3-орындар алған. 2004-жылы Астана қаласы, Қазақстан социологтар Ассоциациясының президенті, социология ғылымдарының докторы, профессор Марат Тажиннің қолынан Қазақстан социологтар Ассоциациясының I-дәрежелі дипломымен марапатталған.
2006-2008 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, «дінтану» мамандығында оқыды. «Қазіргі Қазақстандағы діни әлеуметтік көмек көрсету және оның өзіндік ерекшеліктері» атты тақырыптағы диссертациясын сәтті қорғады.
2008-2009 жылдары Туркия Республикасы, Станбул қаласында түрікше тіл үйрету орталығында білімін жетілдірді.
2010-2013 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде, «6D020100-Философия» мамандығы бойынша, PhD докторантура бағдарламасы бойынша білімін жалғастырды.
2012 жылы Оңтүстік Корея, Сеул қаласында «Dongguk» университетінде, «Oxford» университетінің түлегі, философия мамандығының PhD докторы, профессор Хуан Сунилдің жетекшілігімен ғылыми тағылымдамадан өтті.
2014-жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, философия ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Кабаеваның жетекшілігімен, «6D020100-Философия» мамандығы бойынша «Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы ұлттық қауіпсіздіктің философиялық негіздері» атты диссертациясын сәтті қорғады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 2015 жылы 2 наурыздағы №291 бұйрығымен «6D020100-Философия» мамандығы бойынша философия докторы PhD ғылыми дәрежесі берілді.
2015 жылдың 1-қыркүйек айынан бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, кафедрасының аға оқытушысы қызметіне қабылданды.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы №599 бұйрығы бойынша Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері.
2021 жылы Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы. Ғылыми сарапшы.
2021 жылы Coursera платформасы негізінде кәсіби қызмет бойынша шет тіліндегі жаппай ашық онлайн курстар платформасы негізіндегі Philosophy, Science and Religion: Science and Philosophy, Introduction to Philosophy курс бойынша табысты оқу туралы сертификаттар алып біліктілігін арттырды.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті «Ғылыми атақ беру туралы» 2021 жылғы 09 желтоқсандағы №825 Комитет төрағасының бұйрығы. Дінтану мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
2021 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» жеңімпазы.
2022 жылы Ұлыбритания.The university of Bath. Ғылыми тағылымдама. «Болашақ» халықаралық бағдарламасы «500» ғалым жобасы аясында. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы шешімінің қорытындысы бойынша “Болашақ” Халықаралық стипендиясы иегері.
2023 жылы Ұлыбританияның Бат қаласынан «Some Issues of Higher Education Management» атты ұжымдық монографиялар жарық көрді.
100-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрді: Scopus базасына енген рейтингісі жоғары журналдарға 13 (он үш) мақаласы жарияланған, h-index: 2-ге тең, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тізіміндегі журналдарда 25 мақаласы жарық көрді, 1 монография авторы.
2024 жылдан бастап Халықаралық туризм және меймандостық университетінде қауымдастырылған профессор
2025 жылы Coursera платформасында Искусственный Интеллект (ИИ) для всех, AI, Business & the Future of Work,Human Factors in AI,Gemini in Google Sheets,Deep Learning for Business,Teamwork and Creativity,Classical Sociological Theory курс бойынша табысты оқу туралы сертификаттар алып біліктілігін арттырды.