team
аға оқытушы Ғылым кандидаты, Алимбекова Сабира Шерехановна

Телефон:
+7(725) 336-3636
Электрондық пошта:
sabira.alimbekova@ayu.edu.kz
№:
215

Алимбекова Сабира Шереханқызы жөніндегі

өмірдерек

Алимбекова С.Ш. 1971 жылы 14 маусымда ОҚО Қызылқұм (қазіргі Отырар) ауданы Отырар елді мекенінде өмірге келген.

Алимбекова Сабира Шереханқызы 1978-88 жылдар аралығында «Отырар» орта мектебін, 1989-1994 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімін (М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын) жалпы техникалық пәндер және еңбек мамандығы бойынша жақсыға бітірген.

Алимбекова С.Ш. 1997 жылы Қазығұрт ауданындағы К.Маркс атындағы орталау мектебінде, осы жылдың желтоқсан айынан бастап Шымкент қаласындағы Ә.Молдағұлова атындағы орта мектепте еңбек пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарған. 2003 жылдан бері Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасында,  2010 жылдан бастап «Кәсіптік оқыту технологиясы» кафедрасында, қазіргі таңда «Педагогика және психология» кафедрасында жұмыс атқарады.

Алимбекова С.Ш. 2009 жылы  ақпан айының 2 жұлдызында «Мектептің еңбекке дайындау бағытында қазақ қыздарының этностық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 2009 жылдың  25 маусымындағы ҚР білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен (№6 хаттама) педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

Сабира өзінің зерттеу жұмысына сәйкес 131 ғылыми еңбек жариялады. Соның ішінде оқу құралдар, монография, оқу әдістемелік құралдар жеке және авторлық бірлестікте жариялады. 

Отбасылы, ері Ортаев Б.Т. екеуі отбасында екі ұл, бір қыз тәрбиелеуде.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.