team
аға оқытушы Магистр , Арыстанбаева Алия Турганбаевна

Телефон:
+7(725) 336-3636
Электрондық пошта:
aliya.arystanbayeva@ayu.edu.kz
№:
215

Өмірбаян

 

Мен, Арыстанбаева Алия Тұрғанбайқызы, 1978 жылы 6 қаңтарда Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында дүниеге келдім.

1985 жылы Кентау қаласындағы Т.Рысқұлов атындағым жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына қабылданып, 1995 жылы аталған мектепті аяқтадым. 1998 жылы тұрмыс құрдым, бір ұлым бар.

2002–2006 жылдары Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде педагогика мамандығы бойынша жоғары білім алдым. Кейін, 2006–2008 жылдар аралығында осы университетте педагогика және психология мамандығы бойынша магистратураны аяқтадым.

2007 жылдан бастап Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Педагогика кафедрасында лаборант қызметіне қабылдандым. 2008 жылы оқытушылық қызметке ауысып, 2015 жылға дейін сол қызметті атқардым. 2015 жылы оқу бөліміне әдіскер ретінде ауысып, білім беру саласындағы ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстармен айналыстым.

2019 жылы Кентау қаласындағы оқу бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалдым. Қазіргі таңда Педагогика және психология кафедрасында аға оқытушы ретінде еңбек етіп келемін.

Педагогика және психология салалары бойынша бірнеше ғылыми мақалаларым жарық көрген. Өз ісіме жауапкершілікпен қарап, білім беру жүйесін дамыту жолында еңбек етуді мақсат тұтамын.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.