team
оқытушы Магистр , Нурманова Нургуль Жумахановна

магистр-оқытушы

Телефон:
Электрондық пошта:
nurgul.nurmanova@ayu.edu.kz
№:
226

Нұрманова Нұргүл Жұмаханқызы ұлты-қазақ, білімі жоғары, Қазақстан Республикасының азаматшасы. 1985 жылы 11 қазанда ОҚО облысы, Түркістан қаласында туылған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясына түсіп, 2008 жылы «Емдеу ісі» мамандығын үздік дипломмен бітірген.

2008-2009 жж. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясында «терапевт» мамандығы бойынша интернатураны өтті.

01.09.2010ж.  Түркістан Медицина Колледжіне, Терапия кафедрасына оқытушы болып жұмысқа орналасты.

01.09.2011ж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне «6М110100-Медицина» мамандығына магистратураға түсті. 28.06.2013ж. Медицина ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

2011-2022 жылдар аралығында Түркістан қалалық орталық ауруханасында кезекші дәрігер терапевт қызметін атқарды.

01.09.2014 жылдан бастап осы кезге дейін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Медицина факультеті «Пропедевтика  және ішкі аурулар» кафедрасында магистр-оқытушысы болып қызмет етіп келеді. 

Нұрманова Нұргүл Жұмаханқызы - өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол бірнеше ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы. «Ревматологиялық аурулардың клиникалық көріністері мен диагностикасы» бірлескен авторлықта, «Ревматология циклынан клиникалық сценарийлер жиынтығы», Пульмонология бойынша клиникалық сценарийлер жиынтығы» атты оқу құралдары мен «Пульмонология циклы бойынша іскерлікке арналған жетекшілік», «Бауыр ауруымен ауыратын науқастарды зерттеу және емдеу тәсілдері», «Эндокринология циклынан клиникалық сценарийлер жиынтығы», «Вирусті гепатиттер: емі, диагностикасы» атты бірлескен авторлықтағы оқу-әдістемелік құралдары баспадан шықты.

Нұрманова Нұргүл Жұмаханқызы өз тілі қазақ тілінде, орыс тілінде еркін сөйлейді, ағылшын- түрік тілін біледі.ЭВМ/ЭВМ машиналарында жұмыс істей алады.Сонымен қатар ол студенттер мен әріптестерінің арасында беделді, өз ісіне жауапкершілікпен қарайды, ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттер бойынан табылады. Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесіне жауапты, сондай ақ «Ішкі аурулар негіздері» пәнінің цикл жетекшісі. Отбасында бес перзентке аяулы ана және сүйікті жар. 

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.