team
аға оқытушы PhD., Салыбекова Нурдана Нуртаевна

Телефон:
+7(702) 563-3479
Электрондық пошта:
nurdana.salybekova@ayu.edu.kz
№:
203

ӨМІРБАЯН

 

 

Мен, Салыбекова Нурдана Нуртаевна 1984 жылы 3-сәуірде, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келдім.

1991 жылы Келінтөбе ауылының №192 жалпы орта мектебінде білім алып, 2001 жылы орта мектепті бітірдім.

2001 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жаратылыстану факультетіне күндізгі бөлімге түстім. Университетті 2005 жылы 030340-Химия және биология пәнінің мұғалімі біліктілігі бойынша бітірдім.

2005 жылы аталған университеттің биология мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2007 жылы биология магистрі академиялық дәрежесін алдым.

2007 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Биология кафедрасына жұмысқа тұрдым.

2014 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне Биология мамандығы бойынша докторантураға оқуға түстім, 2017 жылы «философия докторы» (6D011300- Биология саласы бойынша) дәрежесін алдым.

2017 жылынан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Биология кафедрасында аға оқытушы қызметін жалғастырудамын.

Отбасылық жағдайым: тұрмыстамын, 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеудемін. Мекенжайым: Түркістан қ., Алатау көш, 68 үй.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.