


оқытушы Бакалавр, Бектурганов Меңліахмет Сейдахметович
Еңбек жолы: Бектұрғанов Меңліахмет Сейдахметұлы, 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына «Емдеу ісі» мамандығына оқуға қабылданды. 2007 жылы аталған оқу орнында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқуын тәмамдеп, дәрігер біліктілігін алды. Диплом АЖБ №0012275. Сонан соң осында интернатураны 2008 жылы тәмамдап, оториноларинголог дәрігер біліктілігі берілді. Интернатураны бітіргені туралы ИК №0006336. 2018 жылы ХҚТУ-нің КазТеп қашықтықтан білім беру бағдарламасы арқылы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратураға қабылданды. 2019-жылдың шілдесінде 6М050700-«Менеджмент» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес» магистрі дәрежесі берілді. 2008-2009 жылдарда «Сайрам» медицина колледжінде оқытушы қызметін атқарды. 2009-жылдың қыркүйек айынан бастап Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Шымкент қаласындағы оқу –клиникалық базасында «Жүрек –қантамырлар хирургиясы» кафедрасына оқытушы қызметіне қабылданды. Қазіргі таңда Шымкент кампусының «Травматология-ортопедия және онкология» кафедрасында оқытушы қызметін атқаруда.
Біліктілік жетілдіргені жайлы: 2019-жылдың қаңтар айынан маусымға дейін Дәрігерлерді дипломнан кейінгі оқыту аймақтық институтында «Травматология-ортопедия (камбустиология) (ересектер және балалар) мамандығы бойынша 1080 сағат көлемінде қайта даярлықтан өтті. 2019-жылдың тамыз айында Алматы қаласы Халықаралық Өрлеу академиясында «Клиникалық аудиология және сурдология» циклы бойынша 108 сағат көлемінде біліктілігін арттырды. 2019 жылдың қазан –қараша айларында Zere аймақтық медицина қызметкерлерін оқыту орталығында «Оториноларингология» (ересектер және балалар) мамандығы бойынша «Оториноларингологиялық инновациялық технологиялар» циклында 216 сағат көлемінде біліктілігін арттырды. 2019 жылдың қаңтар айында Үздіксіз кәсіптік дамыту орталығында «Травматология –ортопедия» мамандығы бойынша «Травматология және ортопедияның инновациялық технологиялары» циклы бойынша 108 сағат көлемінде біліктілігін арттырды. 2019-жылдың қараша айында ХҚТУ жаенында «Жоғары оқу орнында оқытудың заманауи технологиялары» тақырыбындағы 72 сағат көлемінде біліктілік арттыру курсынан өтті. 2020-жылдың сәуір айында ХҚТУ жанында «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша сабақ беру және бағалау» тақырыбында 72 сағат көлемінде біліктілігін арттырды.
Жеке мағлұмат: Үйленген
Тілді меңгеруі: Қазақ тілі-жетік, орыс тілі-еркін, ағылшын тілі-сөздікпен.
Еңбек еткен жылдарда 8 мақала , 1 оқу құралының авторы, көптеген ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысқандығы туралы сертификаттары бар.