Ұлы бабамыздың ізгі жолы тақырыбында іс-шара өтті

Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын қарсы алғалы жатыр. Юнеско тарапынан да Қазақстан үшін үш тарихи құбылыс әлемдік бағдарламалар аясында насихатталуда.  Соның бірі  Қожа Ахмет Ясауидің дүниеден өткеніне 850 жыл толуы. Осы тарихи датаға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент Медицина Институтының «Жұқпалы аурулар және фтизиатрия» кафедрасы да өз үлесін қосып, 2016 жылы 7 желтоқсан күні іс-шара өткізді.

 «Ұлы бабамыздың ізгі жолы» тақырыбында өткізілген салтанатты жиынды Шымкент Медицина Институтының директоры, профессор Рамазан Сейдахметұлы  кіріспе сөзбен ашты. Бүгінгі жиында Қожа Ахмет Ясауидың өмірбаянымен, даналыққа толы шығармашылығы жайлы кеңінен танытатын боламыз. Қожа Ахмет Ясауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салған Түркістаннан Туркияға одан Балқан аймағына Ислам дінінің таралуына тікелей себепкер болған Қожа Ахмет Ясауи бабамызды үлкен іс-шара көлемінде еске алғалы отырмыз. Ұлы бабамыз Қожа Ахмет Ясауидың дүниеден өткеніне 850 жыл толуы  ЮНЕСКО аясында әлемдік деңгейде атап өтіліп жатқандықтан, оның атындағы университет түлектері ретінде біздің интерн –студенттеріміз Ясауидың ілімі мен мұрасын толық меңгеруді мақсат тұтуда. Сондықтан бүгінгі ұйымдастырылып отырған шара өте өзекті мәселелерді қамтиды.

Шара барысында үлкен ғұлама, сопылық ілімнің негізін  қалаушылардың бірі –Ясауи мұрасының қазақ мұсылмандық тарихы мен болмысындағы орны жайлы баяндалды.

Жиынды  ұйымдастырушы интерн-дәрігерлер Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 25 жылдық мерейтойына орай, университетіміздің қалыптасу кезеңінен бастап, бүгінгі жетістіктерін де атап өтіп, университеттің қазіргі кезеңде  бүкіл Қазақстанға   және алыс-жақын шетелдерге белгілі болған  түлектерін де мақтаныш тұтып атап өтті. Баяндалған мәліметтер бойынша онлайн-ойын ұйымдастырылып  жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды.

«Мәдениде- Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет» – деген сөз бар халық арасында. Іс-шараға жиналған қауым бүкіл түркі әлемінің рухани астанасы аталған-  Түркістан қаласы мен осында орналасқан Ясауи кесенесінің тарихы  туралы көптеген  мағлұматтар алды.

Шара концерттік бағдарламаға ұласып, ғасырлар шаңына көміліп қалмай біздің бүгінгі күнге дейін жеткен Ахмет Ясауидың «Диуани хикмет»– атты жинағы, ғалымдардың ғұлама ойшыл туралы әр кездерде жазған  еңбектері бойынша көрме ұйымдастырылды.

Жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының меңгерушісі профессор Г.А.Утепбергенова

Напишите свой вопрос

 

    ×