СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ,РЕЙТИНГ ЖӘНЕ САПА ОРТАЛЫҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.
1. Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы
№ | Қызмет атауы | Штат бірлігі |
1 | Маман | 0,5 ш.б. |
-Жоғары білімі болуы қажет;
- ISO 9001-2015 «Сапа менеджмент жүйесі.Талаптар» стандартын;
- ISO 37001-2016 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент;
- Іс қағаздарын жүргізу бойынша ұйымдық жұмыстарды білуі тиіс.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) түйіндеме;
2) жоғары білім туралы дипломның, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) наркологиялық ұйымнан анықтама;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Қосымша деректер:
Комиссия хатшысы Адам ресурстарын басқару бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур, электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
1. Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
2. Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы
күні мен уақыты: 2024 жылдың 02 сәуір, сағат 18-00 дейін.
ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ мен университеттің сайтында танысуға болады