«МҰХАМЕДЖАН ТЫНЫШБАЕВ: ҒАСЫР ЖОБАСЫ» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
Бүгін оқу ордамызда қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы-инженер, Алаштың көрнекті қайраткері Мұхамеджан Тынышбаевтың қоғамдық-саяси қызметіне арналған – «Мұхамеджан Тынышбаев: Ғасыр жобасы» атты ғылыми-танымдық деректі фильмінің көрсетілімі өтті.
Мұхамеджан Тынышбаев – қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, тарихшы-ғалым, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары болған.
Қазақтың біртуар азаматы жайлы деректі фильмді тамашалауға оқу орданың оқытушы-профессорлары, студенттері, қоғам қайраткерлері мен «Мұхамеджан Тынышбаев» қорының президенті әрі Мұхамеджан Тынышбаевтың жиен немересі Нұршакен Жүнісова, Қазақ ұлттық университетінің профессоры, алаштанушы, Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі мен қызметі туралы кандидаттық, Алаш зиялыларының тарихи көзқарастары жайлы докторлық диссертация қорғаған Гүлбану Жүгенбаева және т.б. қатысты.
Жиында сөз бастаған университетіміздің әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев Мұхамеджан Тынышбаевтың қазақ халқының болашағы үшін жасаған ерен еңбектері мен өмір жолы туралы ақпараттармен бөлісті.
Деректі фильмде Мұхамеджан Тынышбаевтың ұлт жолында, елінің дамуы мен теңдігі үшін жасаған істері мен қилы тағдыры, сұм саясаттың құрбаны болған өмірі жайлы бейнеленген. Қазақ даласында темір жол салу арқылы елдің болашағын ойлаған азаматтың көрегенділігі, саяси ойлаудағы қабілеті мен еңбекқорлығы, адалдығы көрсетілген.
Фильмнен соң Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев жиылған жастарға Мұхамеджан Тынышбаевтың өнегелі өмірі мен ерен еңбегін бағалау мен насихаттаудың маңызы туралы айтты.
Келесі кезекте деректі фильмнің жарыққа шығуына себепкер болған, «Мұхамеджан Тынышбаев» қорының президенті әрі Мұхамеджан Тынышбаевтың жиен немересі Нұршакен Жүнісова барлық көрерменге ризашылығын білдірді.
«Мен анамның және Мұхамеджан Тынышбаевтың арманын орындадым. Міне, бүгін ер түріктің мекені болған Түркістанға келгенімізге атамның әруағы бір аунап тұрған болар!»,- деп, ішкі толғанысын жеткізді.
Жиын соңында фильмнен ерекше әсер алған көрермен қауым қошеметін аямады. Саналы ғұмырын елінің ертеңі үшін сарп еткен ұлт зиялысының аты тағы да ұлықталды.
Диссертациялық жұмысты алдын-ала қорғау
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи университетінің кітапханасы конкурс жариялайды
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Жаратылыстану факультеті,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды 