«АНАДОЛЫ МЕКТЕБІ: ҚОРҚЫТ АТА ІЗІМЕН» БАҒДАРЛАМАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Түркия мен Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерінен жиналған қатысушылар Қорқыт атаның еңбектерін оқып, түйген ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, талдау жүргізіп, өз пікірлерімен бөлісті.
Жиын барысында оқытушы-профессорлар мектеп қатысушыларының оқуға, түркі әлемінің тарихи тұлғаларының еңбектерін тануға деген қызығушылықтарына тәнті болғандарын айтты.
Іс-шара барысында сөз кезегін алған Түркияның Түркістандағы Бас консулы Илкер Пак та өз ойымен бөлісті.
«Анадолы мектебінің мақсаты биік екеніне тағы көз жеткіздік. Білімді жастардың Қорқыт атаның өмірі мен еңбектері жайында жазған тың ойларын тыңдадық. Барлық қатысушыға ерекше ризашылығымызды білдіреміз! Сіздерге қашанда есігіміз ашық!», - деді Бас консул.
Үш күнге созылған панельдік бағдарлама соңында баяндама жасаған Анадолы мектебінің қатысушыларына сертификаттар табысталды.
Оқу ордамызға келген қонақтар тек оқу-біліммен шектелмей, қазақтың салт-дәстүрі, мәдениеті мен ұлттық тағамдарымен танысты. Сондай-ақ, «Гауһар ана» мен «Арыстан баб» кесенелері, «Отырар» музейі сынды өзге де тарихи орындарды аралады. Анадолы мектебінің қатысушылары мен ұстаздары қонақжайлықпен қарсы алған университет ұжымына алғыс білдірді.
Айта кетейік, оқу ордамызда «Анадолы мектебі: Қорқыт ата ізімен» бағдарламасының кезекті отырысы ғана аяқталды. Бағдарлама ертең көршілес Өзбекстанда жалғасады.
# 34. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи университетінің кітапханасы конкурс жариялайды
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды 