• image image image image
  • shape
    shape

    Жаңалықтар

    Blog Image

    «ОРТА МЕКТЕПТЕР МЕН ЛИЦЕЙЛЕРДЕ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРҒА ЖЕТЕКШІЛІК ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛУІ КЕРЕК?» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ

    Университетімізде Түркия Республикасы, Ескишехир Османгази университеті, Педагогика факультетінің профессоры, доктор Еюп Артвинлиннің – «Орта мектептер мен лицейлерде ғылыми жобаларға жетекшілік қалай жүргізілуі керек?» атты мектеп мұғалімдері мен пегагогикалық бағытта білім алушыларға арналған семинар-тренингі басталды.

    Басты мақсат – ғылыми жобаларға жетекшілік жасау процесін жүйелеу, жоба-негізді оқыту арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту және мұғалімдердің осы бағыттағы әдістемелік, құқықтық, практикалық білімін арттыру.  

    Айтулы іс-шараға мектеп мұғалімдері, педагогикалық бағытта сабақ беретін оқытушы-профессор құрамы мен студенттер қатысты. 

    Жиын модераторы – Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Алия Құралбаева болды.

    Семинар аясында қатысушылар патент мәдениеті, кәсіпкерлік негіздер, жаңашылдық пен жобалау тәсілдері, ғылыми жазба жүргізу әдістері және ғылыми жобаларды бағалау критерийлері бойынша теориялық және тәжірибелік білім алады. Сонымен қатар, ғылыми есеп жазу, гипотеза құру, әдеби шолу жасау, зерттеу әдістерін таңдау, жобаның нәтижелерін рәсімдеу және постер әзірлеу бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. Бұл туралы спикер Еюп Артвинлин кеңінен айтып өтті. 

    Бүгін семинардың алғашқы сессиялық отырысы «Ғылым мен кәсіпкерлікке негізделген заманауи білім беру» тақырыбында өтіп жатыр.

    Ғылыми жетекшілікке жаңаша көзқарас қалыптастырып, мұғалімдер мен болашақ педагогтардың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған семинарда: «Патент мәдениеті, патент туралы заң, патент саны мен өндіріс арасындағы байланыс», «Кәсіпкерлік, жаңашылдық пен өнертабыс ұғымдары», «Орта мектеп/лицей оқушыларының ғылыми жоба байқауына қатысу үдерісі және 2024 жылғы жаңалықтар», «Ғылыми жобалардағы негізгі мәселелер» сынды өзге де маңызды тақырыптар көтеріледі.

    Айта кетейік, семинар-тренингтің «Жоба-негізді оқыту әдістемесі және ғылыми есеп дайындау дағдылары» атты 2-сессиясы 28-сәуір күні өтеді.