• image image image image
  • shape
    shape

    Жиі қойылатын сұрақтар

    Тұл жетімдер және асыраушысынан айырылған білім алушылар жатақхана төлемақысынан 100%-ға босатылады, оқу квотасын және оқу жеңілдігін беру барысында кейбір критерийлерден босатылады.

    Университеттің Орталық асханасында тұл жетімдердің тегін ас ішуі үшін талон беріледі.

    Факультетте топтың және пәннің тіліне орай төрт тілде сабақ беріледі.

    Оқу процесі қыркүйектің алғашқы аптасында басталып, 1-семестр қысқы емтиханмен қоса алғанда қаңтар айының ортасына дейін жалғасады. 2-семестр ақпан айының алғашқы аптасына басталып маусым айының соңында аяқталады.

    Ия. Білім алушыларға және қызметкерлерге Университетіміздің ауруханасында, Тұран клиникасында және факультетіміздегі бөлімшесінде тегін медициналық көмек беріледі.

    Жатақханаға өтініштер жазғы демалыс кезінде университеттің портал жүйесі арқылы қабылданып, критерийлерге лайық білім алушының өтініші мақұлданады.

    Шетелдік білім алушыларға, грант бойынша оқитын (Түркістан қаласында және 30 км-ге дейінгі қашықтықта орналасқан елді-мекендерде тұрмайтын) білім алушыларға жатақхана қарастырылады. Квота және ақылы негізде оқитына білім алушылардың өтініштері шетелдік және грант негізінде оқитын білім алушылар жатақханаға орналасып біткен соң қолға алынады.

    Ия, мамандығыңызға сәйкес босаған орын болса GPA балыңызды есептеп, межеге сай болса мемлекеттік грантқа ие болу мүмкіндігі бар.

    GPA-сы 4,00-ге тең оқу үздігі келесі семестрде келісім шартта көрсетілген сомадан 25%-ға; GPA-сы 3,67-ден жоғары оқу үздігі 15%-ға аз төлеу құқығына ие болады. GPA-сы 3,00-ден кем емес, соңғы семестрде D, D+6 C-, C бағалары жоқ тұл жетім немесе қамқорлықсыз қалған білім алушы оқу төлемақысынан 100%-ға дейін, әлеуметтік жағдайы төмен (жартылай жетім, төменгі жалақы алатын) білім алушыларға 25%-ға дейін, ата-анасының бірі университетте 5 жылдық еңбек өтілі бар білім алушалар 25%-ға дейін, Халықаралық, құрлықаралық жеңімпаздарға 100%-ға дейін оқу төлемақысынан жеңілдік алуына мүмкіндіктер бар.

    Университетіміз Қазақстан және Түркия Республикалырының келісімшарты негізінде ашылған ортақ мемлекеттік университет

    Оқу жоспарындағы пәндерді толық орындаған, қарызы жоқ білім алушылар қорытынды аттестаттауға жіберіледі.

    Барлық академиялық кезең бойынша және оқу жоспарындағы пәндерді толық орындау міндетті.

    Апталық бағаның 50 пайызы, сабаққа қатысудың 10 пайызы және БӨЖ тапсырмасының 40 пайызы алынып аралық бақылау қорытындысы шығады.

    Екі аралық бақылаудың 60 пайызы, емтиханның 40 пайызы алынып орта қорытынды бал шығады

    Түркия квотасынан босаған орын болған жағдайда, сессия нәтижесімен конкурс негізінде GPA-балы 3,00-ден жоғары, қарызсыз білім алушы түркия квотасы оқу түріне ауыса алады.

    Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінде Қазақстан азаматтарына түрік квотасы негізінде білім алуы үшін Түркия тарапынан берілеін жеңілдік.

    Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын және үлгерімінің (GPA) орта балы 3,5-тен төмен емес кезінде оқу пәндері мен оқу қызметінің (қорытынды аттестациядан басқа) басқа түрлері бойынша А, А – "өте жақсы", В-, В, В+ - "жақсы" деген қорытынды бағалары бар, сондай-ақ қорытынды аттестацияны А, А – "өте жақсы" деген бағаға тапсырған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқыған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағасын ескермегенде) беріледі. Бұл ретте оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырғаны немесе қайталап тапсырғаны бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.

    Білім алушы мынандай жағдайларда академиялық демалыс алуға құқылы: Медициналық көрсеткіштер бойынша (ДКК анықтама); ҚР әскери қызметіне шақыртылуы бойынша; Босану, бала асырап алу жағдайында, бала 3 жасқа толғанға дейін; Медициналық көрсеткіштерге байланысты академиялық демалыс алған білім алушылардан басқа, барлық академиялық демалыстағы білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы төленбейді. Академиялық демалыстан оралған кезде білім алушы оқуын осы демалысты ресімдеген оқу жылынан бастап жалғастырады. Бұйрықта көрсетілген мерзімде оқуға қайта оралмаған білім алушылар, оқу тәртібін бұзғаны үшін оқудан шыгарылады.

    Университетте Оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі жұмыс істейді: "Өте жақсы" бағасы (90-100 балл аралығында) - білім алушы сабақ тақырыбын терең түсінуді, логикалық ойлау қабілетін,дағдыларын көрсетеді, Үнемі қосымша әдебиеттерді оқиды және пәннің белгілі тақырыптары бойынша терең талдау жасайды, деректер базасымен және іздеу жүйелерімен өз бетінше жұмыс істейді, ғылыми жарияланымдарды таба алады және сыни бағалай алады, әдеби шолулар жасайды. "Жақсы" бағасы (70-89 балл аралығында) - білім алушы білім мен дағдылардың қажетті мөлшеріне ие және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде оларды дұрыс қолданады, пән бойынша негізгі әдебиеттерді оқиды, мәліметтер базасымен өз бетінше жұмыс істейді. "Қанағаттанарлық" баға (50-69 балл аралығында) – білім алушы пәннің тек негізгі материалының білімі мен дағдыларының көлеміне ие, тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қиналады, дәлсіздіктерге жол береді, бастамашыл емес, қол жетімді ақпарат көздерін нашар пайдаланады. "Қанағаттанарлықсыз" баға (0-49 балл аралығында) – білім алушы қажетті білім мен дағдылардың ең аз көлеміне ие емес, әдебиетті оқымайды, талапсыз, қолжетімді ақпарат көздерін пайдаланбайды. Чек-парақтар бойынша толық критерийлер пәннің силлабусында сипатталады.

    Емтихан сессиясы кезеңінде білім алушылардың оқу пәнінің мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында ЖОЖ-ға сәйкес пәнді оқу аяқталғаннан кейін жүргізілетін рәсім. Аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) әр семестрден кейін емтихандардың санына байланысты ұзақтығы 2-ден 4 аптаға дейінгі мерзімде өткізіледі. Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша шәкіртақы тағайындалады.

    Егер студент емтихан немесе диф. сынақ бойынша 25-49 балл алса, ол "FX" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" бағаны бір рет қайта тапсыруға міндетті. Студенттің аралық аттестаттау кезінде қайта тапсыру кестесіне сәйкес пәнді қайта оқымай бір реттен артық қайта тапсыруға құқығы жоқ. Қайта тапсыруды жазғы қосымша семестрге ауыстыруға рұқсат етілмейді. "FХ" "қанағаттанарлықсыз" бағасын алғанда тілдік деңгейлер (түрік, ағылшын, орыс, шетел азаматтары үшін қазақ тілі) бойынша тапсыра алмайды.

    Пререквизиттер (Prerequisite) - оқытылатын пәнді меңгеру үшін қажетті білімді, іскерлікті және дағдыларды қамтитын пәндер.

    Осы оқу жылын аяқтаған білім алушы келесі оқу жылындағы оқу жоспарына сәйкес білім беру бағдарламаларының пәндеріне тіркеледі.

    Бұл "қанағаттанарлықсыз" (retake) қорытынды бағасын алған жағдайда немесе Үлгерімнің орташа балын (GPA) жоғарылату мақсатында ақылы негізде пәнді қайта өту.

    академиялық үлгермеушілігі; академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін; университеттің Жарғысы мен ішкі тәртібін өрескел бұзғандығы үшін; білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін, оның ішінде ақылы негіздегі оқу құнын төлемеген жағдайда; академиялық демалыс мерзімі біткеннен кейін немесе шетелдік іс-сапардан соң екі аптадан артық мерзімге сабаққа қатыспағаны үшін; басқа оқу орнына ауысуына байланысты; басқа ЖЖОКБҰ-нан ауысып келген білім алушы жеке іс-құжатын белгіленген мерзімде тапсырмаған жағдайда; білім алушы қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот шешімі бойынша хабар-ошарсыз кетті деп танылғанда; университетпен байланысын үзгендігі үшін, өз еркімен.

    Білім алушылар жекелеген пәндерді (білім беру бағдарламасы шеңберінде) басқа білім беру Ұйымдарында, оның ішінде шетелде де оқи алады, оқыту нәтижелері арнайы құрылған комиссияның шешімімен танылады және қайта есептеледі (бұл берешегі бар пәндерге қатысты емес). Ол үшін Сіз тиісті деканатқа өтініш жазып, растайтын құжатты (оқыған пәннің көлемі мен бағасы көрсетілген сертификат/транскрипт) қоса беруіңіз қажет.

    Мемлекеттік стипендия мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқитын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, сондай-ақ грант бойынша оқуға ауыстырылған, білім алушыларды аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) нәтижелері бойынша "жақсы", "өте жақсы" деген баға алған білім алушыларға тағайындалады және семестр мен каникул аяқталатын айдың соңына дейін қоса алғанда, білім алушыларды аралық аттестаттаудан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап ай сайын төленеді. Егер модульдік пән ұзақтығы бір оқу жылы болса, онда стипендия модульге кіретін пәндерінің бірінші семестрінің қорытынды бағалары бойынша төленеді. Егер білім алушылардың академиялық берешегі болған жағдайда, жойылған берешектің нәтижелері кейінгі стипендияны тағайындау кезінде ескеріледі (берешегі болған кезде стипендия тағайындалмайды). Мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алатын докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия оқудың бүкіл мерзіміне тағайындалады және аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) нәтижелеріне қарамастан оқудың бүкіл кезеңі бойы төленеді. Мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқудың бірінші жылына қабылданған білім алушыларға бірінші семестрде мемлекеттік стипендия тағайындалады және бірінші семестр бойы ай сайын төленеді. Келесі семестрлерде студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия өткен семестрдегі білім алушылардың аралық аттестаттауы қорытындылары бойынша тағайындалады және төленеді.

    Егер аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) нәтижелері бойынша "қанағаттанарлық" және/немесе "қанағаттанарлықсыз" деген баға алса, студент келесі семестрге стипендиядан айырылады. Егер келесі емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін студент "жақсы" және "өте жақсы" бағаларын алса, онда оған қайтадан стипендия тағайындалады. Өте маңызды: егер білім алушы жазғы семестрде академиялық қарызын жоймаса және келесі оқу жылына ауысу академиялық қарызымен жүзеге асырылса, онда стипендия бар академиялық қарызды жойғанға дейін тағайындалмайды. Стипендия академиялық қарыз жойылған сәттен бастап келесі айдың 01-нен бастап тағайындалады.

    Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған Стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде де, ақылы негізде де тек "өте жақсы" (А, А -) оқитын 3-курстан бастап студенттерге және екінші оқу жылынан бастап магистранттарға тағайындалады. Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады: республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздарына немесе жаңалықтардың, өнертабыстардың авторларына; ғылыми еңбектер жинақтарында, Республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары барларға; жетістіктері дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатындарға; 4) білім беру Ұйымдарының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысатындарға. Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Стипендия конкурстық комиссияның нәтижелері негізінде Сенаттың шешімі бойынша тағайындалады.

    Бір білім бағдарламасынан (мамандықтан) басқаға ауысуға рұқсат етілген. Ауысу барысында білім бағдарламасының бағыты, профилі, білім алушының оқудағы жетістіктері, сонымен қатар академиялық адалдықты бұзу жағдайлары да ескеріледі. Басқа білім бағдарламасына ауысу тек ақылы түрде іске асырылады. Мысалы, егер білім алушы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығынан «Жалпы медицина» мамандығына ауысса немесе керісінше болса, гранттан айырылады, білім алу тек ақылы түрде болады. Білім алушыларды ауыстыру кезінде оқу нәтижелерін қайта санау үшін Университетте тиісті комиссия құрылады. Өтініштер жазғы және қысқы демалыс кезінде, келесі семестр басталуына 5 күн бұрын қабылданады. Ол үшін қажет: Қарызсыз 1 курстың бірінші семестрін толықтай аяқтау; Пәндер бойынша академиялық айырмашылық 12 ECTS-тен, шет елдердегі білім мекемелерінен 18 ECTS-тен (соның ішінде пререквизиттік пәндер 12 ECTS-тен) артық болмауы тиіс. ҰБТ сертификаты қабылдау бұйрығындағы шекті баллдан кем емесболуы тиіс.

    Білім алушыларды ақылы оқудан босаған білім беру гранттарына ауыстыру конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурсқа академиялық қарызы, бағдарламада айырмашылығы жок, қаржылай қарызы жок білім алушылар қатыса алады. Конкурс аралық аттестаттау нәтижелері бойынша, Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті бере отырып өткізіледі. Ауысу тәртібі: Университет ағымдағы оқу жылының 5 тамызына дейін 1 ай бұрын (яғни 5 шілдеде) және 15 қаңтарға дейін (яғни 15 желтоқсанда) бос білім беру гранттарына ауысуға университет сайтында конкурс жариялайды, ақпарат университеттің сайтының «Жаңалықтар» бөлімінде жарияланады. Ақылы негізде білім алушы ХҚТУ «AYU ПОРТАЛ»-тегі жеке кабинеті арқылы ректордың атына ары қарай білім беру гранты бойынша білім алуға және конкурсқа қатысуға өтініш қалдырады. Өтініш қабылданғаннан кейін жүйе автоматты түрде GPA балл мен А, «А- тан Ғ- ке дейінгі бағалар жиынтығын шыгарады. Тіркеу кеңсесінің инспекторлары білім алушылардың қағаз түріндегі өтініші мен жеке куәліктерінің көшірмелерін тексереді, содан кейін олар ХҚТУ «AYU ПОРТАЛ»-та конкурсқа қатысуға рұқсат береді; ХҚТУ «AYU ПОРТАЛ»-та білім алушының жеке кабинетінде көрсетілетін, БББ мен оқу жылы бойынша Үлгерімінің орташа GPA есептік көрсеткіші қалыптасады. Тіркеуші офисі үміткерлерді Сенат отырысның комиссия мүшелеріне қарауға ұсыныады. Сенат отырысның комиссия мүшелері аралық аттестация нәтижелері бойынша, барлық оқу мерзіміндегі Үлгерімінің орташа GPA есептік көрсеткіші негізінде конкурс өткізеді. Егер бірдей көрсеткіш байқалған жағдайда бар оқу мерзімі бойынша тек A, A- («өте жақсы») бағалары бар студенттер басымдыққа ие болады, содан кейін A, A- («өте жақсы») бастап B +, B, B- («жақсы») дейін бағалар, содан кейін - аралас бағалар. Мемлекеттік білім беру грантынан босаған бос орындарға Үміткерлерді комиссиясының хаттамаларынан көшірмелері Сенаттың қаралуына ұсынылады;   Сенат шешімімен факультет декандары үш жұмыс күн аралығында қысқы және жазғы емтиханда жоғарғы нәтиже көрсеткен, бос білім беру гранттарына Үміткерлердің тізімін және БББ мен оқу жылдары бойынша бос білім беру гранттарының саны көрсетілген тізімді университеттің сайтында жариялайды. Университет Сенаткеңесінің шешіміне сүйене отырып, ағымдағы жылдың 5 тамызы мен 15 қаңтарына дейін барлық құжаттарды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне жібереді. (білім алушының өтінішіне Сенаттың шешімімен бірге студенттің транскрипті, оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және университеттен шығарылған мемлекттік білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқасы) қоса тіркеледі); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қабылданған құжаттарды оқуға түскен жылын ескере отырып БББ, оқу нысандары мен оқу мерзімі аясында қарастырады және оң шешім қабылданған жағдайда, бос мемлекеттік білім беру грантын тағайындау туралы бұйрық шығарады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде бос білім грантын тағайындау туралы куәлік рәсімделеді; Білім беру грантын тағайындау туралы берілген куәлік негізінде ХҚТУ ректорының ары қарай білім беру гранты бойынша білім алуы туралы бұйрығы шығарылады.

    Оқудан шығарылу мерзіміне қарамастан, білім алушылар Университеттің ақылы бөліміне қайта қабылдануына құқылы. Білім алушының жеке жоспарына сәйкес 1-ші семестрді толық аяқтау қайта қабылдаудың негізгі шарты болып табылады. Білім алушы 12 ECTS-тен артық емес академиялық айырмашылығын ескере отырып, кез-келген мамандыққа қайта қабылдануына құқылы.