Ахмет Ясауи деген кім ?

Қожа Ахмет Яссауи ғасырлар бойы түркі халықтарының рухани өмірінде ерекше орын алған; сопылық дәстүрдің негізін қалаушы; Арыстан Баптан алған аманатты «Хикметтері» арқылы адамдардың бойына сіңірген; қасиетті аманатты Хорасан әулиелерімен әлемнің төрт бұрышына жеткізген; көне түркі (шағатай) тілінде жазған хикметтерімен тіліміздің дамуына және баюына үлкен үлес қосқан атақты әулие, «Түркістан Пірі» болып табылады

Ахмет Яссауидің өмірі, тұлғалығы және оның ықпалы туралы тарихи құжаттар мен мәліметтер өте аз. Барлары да аңызбен астасып жатыр. Ахмет Яссауи Батыс Түркістандағы Шымкент қаласының шығысындағы Тарым өзеніне құятын Шахияр өзенінің Қарасу бойында орналасқан Сайрам қаласында дүниеге келген. Ежелгі заманнан бері маңызды орны бар Сайрам қаласы, Исфиджап немесе Акшехир деп аталған. Нақты туған жылы белгісіз болып саналатын Ахмет Яссауидің Жүсіп әл-Хамеданимен (өл. 535/1140-41) байланысы және оның халифасы болғанын ескеретін болсақ, 5 ғасырдың екінші жартысында (11 ғ.) дүниеге келген деуге болады. Әкесі шейх Ибрахим, Сайрамда өзінің әулиелік кереметтерімен, аңыздарымен танымал болған тұлғалардың бірі. Оның анасы Айша, Шейх Ибраһимнің халифаларының бірі Мұса Шейхтің қызы болып саналады. (Көпрүлү 1991:61-62). Имам Мұхаммед бин Әлидің ұрпақтары Сайрамда қожа деп аталғандықтан Ахмет Яссауиді Қожа Ахмет, Құл Қожа Ахмет Яссауи деп те атаған. Шейх Ибрахимнің Гаухар Шахназ есімді қызынан кейін оның екінші баласы болып дүниеге Қожа Ахмет Яссауи келген. Ол, алдымен анасынан, содан соң әкесінен айрылады. Гаухар Шахназ көп ұзамай інісін ертіп Яссы қаласына келеді және сол жерге орналасады. Ол, алғашқы білімін осы Яссы қаласында алады. Ол өзінің жастығына қарамастан әртүрлі қырымен көзге түседі. Жас кезінен білім алып араб, парсы тілдерін және Ислам ғылымдарын меңгереді. Біраз уақыттан кейін Гевхер Шехназ ағасын ертіп, Еси қаласына барып, сонда орналасты. Оқуын Есіде бастаған ол жастығына қарамастан кейбір көріністерімен назар аударды. Бала кезінен жақсы білім алып, араб, парсы, ислам ғылымдарын меңгерген.(Эраслан 2000:7, 8,10).

Аңыз-әңгемелерде Ахмет Яссауидің Хызыр (а.с.)-мен кездескендігі және сахабалардың бірі болып саналатын Арыстан Баппен де кездесіп, одан рухани білім алғандығы айтылған. Арыстан Баптың Яссы қаласына келіп Ахмет Яссауиді тауып алып оған Хз. Пайғамбардың аманат еткен хұрмасын беріп жол көрсетуі, Хз. Пайғамбардың рухани тәрбиесіне негізделеді. Арыстан Баптан тәлім-тәрбие алған Ахмет Яссауи қысқа уақыт ішінде кеңінен таныла бастайды. Арыстан Бап өмірден өткеннен кейін Ахмет Яссауи сол кезеңдегі ірі мәдениет орталықтарының бірі Бұхараға келеді. (Bice 1993: X-XI) Бұл жерде сопы-шейх Жүсіп Хаманданиден білім алады. Ол, Жүсіп Хамаданиден діни және сопылық ғылымдарды үйренеді. Ол, өзінің хикметтерінде Жүсіп Хамаданиге 27 жасында барып сабақ алғандығы айтылғанымен, оның нақты қай жылы екендігі айтылмаған. Жүсіп Хамадани қайтыс болған соң оның орнына ұстаз Абдуллах Берки, одан кейін шейх Хасан Әндаки, ал одан кейін Ахмет Яссауи келеді. Ахмет Яссауи, Жүсіп Хамаданидің тірі кезінде айтып кеткендігіне байланысты біршама уақыттан кейін өзінің орнына шейх Абдулхалик Гуждуаниді тастап Яссы қаласына кетеді. Сөйтіп өмірінің соңына (хижри 562/милади 1166) дейін осы жерде шәкірттер тәрбиелеп, халықты тура жолға шақырады. (Bice 1993:XI; Eraslan 2000:12) Деректерге қарағанда, Ахмет Яссауи 63 жасқа келгенде өзінің баспанасының ауласында хылует жасатып, қайтыс болғанға дейін сол жерде құлшылық етумен айналысқан. Туған жылы белгісіз болғандықтан қанша жыл өмір сүргендігі жайлы нақты дерек жоқ. Десе де өзі жасатқан хылуетте 10 жыл өмір сүріп 73 жасында қайтыс болғандығы, ал кейбір деректерде 120 жыл өмір сүріп 1167 жылы қайтыс болғандығы айтылған. (Bice 1993:XII; Eraslan 2000:13) Өлгеннен кейін өзінің әулиелік кереметтерін жалғастырған Ахмет Яссауидің өзінен шамамен екі ғасырдан кейін келген Әмір Темірдің (1336-1405) түсіне кіріп оған жеңістің хабарын жеткізгендігі, Әмір Темірдің де алғыс білдіру үшін оның қабірінің басына кесене тұрғызғандығы риуаят етілген. Екі жылдың ішінде салынып біткен кесене, мешіті мен сопыларға арналған үйі бар орынға айналды. Уақыт өте ескіріп бүлінген кесененің өзбек ханы Абдуллах хан немесе Шәйбани хан тарапынан жөнделгендігі деректерде атап көрсетілген. (Bice 1993:XII-XIII; Eraslan 2000:16) Ахмет Яссауидің кесенесін жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген туристер келіп тамашалайды. Әсіресе, Зулхиджа айында Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Қазақстаннан келген туристер бұл жерде діни рәсімдер өткізеді. Eraslan 2000:17; Köprülü 1997:211; Özköse 2006: 299)

Еңбектері
Диуани Хикмет

Ахмет Яссауидің түркі тілінде жазылған өлеңдер жинағының атауы. «Диуани Хикмет» шығармасының нұсқаларында мазмұнымен қатар тіл жағынан да айтарлықтай айырмашылықтар бар. Бұл жағдай хикметтердің әр түрлі адамдар тарапынан жазылғандығын немесе құрастырылғанын көрсетеді. Кейбір хикметтер құрастыру барысында уақыт өте келе жоғалған немесе өзгерген, жаңа хикметтер қосылып, негізгі мәтін түпнұсқасынан айтарлықтай алыстап кеткен. Дегенмен, барлық хикметтің негізінде Яссауидің наным-сенімдері мен ой-пікірлері және оның тариқатының ұстанымдары жатыр. Түркі халықтарының арасында маңызы өте зор. «Диуани Хикмет» ескі және жаңа әріптермен бірнеше рет жарық көрді. Бұл басылымдардың ең соңғысы шағатай тіліндегі түпнұсқасымен бірге Хаяти Биценің түрік тілінде жазған хикметтері болып табылады. Бұл еңбек Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті Кеңес Басқармасы тарапынан басылып шықты. (Анкара 2016). 

 

Пақырнама

Ахмет Ясауидің шағатай тілінде жазылған Пақырнама шығармасы, Диуани Хикмет шығармасының Ташкент және Қазан басылымдарында кездеседі. Диуани Хикметтің прозалық жанрда жазылған кіріспесі болып есептелетін Пақырнама, 1977 жылы Кемал Эраслан тарапынан жаңа әріптермен Стамбул университтеті Әдебиет факультетінің Түрік тілі және әдебиеті журналының 22-ші санында (45-120 беттер) мақала түрінде жарық көрді. Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті Кеңес Басқармасы бұл мақаланы жеке кітап түрінде басып шықты. (сәуір 2016, Анкара). 

 

Рисале дер Адаб-ы Тариқат

Қожа Ахмет Яссауидің қаламынан туындаған парсы тілінде жазылған шағын еңбек болып саналады. Бұл еңбекте шариғат, тариқат, мағрифат және ақиқаттың әрқайсысына тиесілі он мақам жалпы қырық мақам мен ережелер жазылған. Бүгінгі күнде Күтахия Тавшанлы Зейтиноғлу ауданындағы халық кітапханасында бір ғана нұсқасы сақталған. Бұл еңбек Неждет Тосун тарапынан парсы тілінен түрік тіліне аударылып, Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті Кеңес Басқармасы тарапынан «Пақырнама» және «Рисале дер Адаб-ы Тариқат» еңбектерімен бірге басылып шыққан. (қараша 2016, Анкара). 

 

Рисале дер Макамат-ы Ербайын

Бұл Ахмет Яссауи тарапынан парсы тілінде жазылған шағын шығарма болып саналады. Бұл шығармада шариғат, тариқат, мағрифат және ақиқатқа тиесілі он мақам, жалпы қырық мақам мен оның қағидалары берілген. Бүгінгі күнде Күтахия Тавшанлы Зейтиноғлу ауданындағы халық кітапханасында бір ғана нұсқасы сақталған. Бұл еңбек Неждет Тосун тарапынан парсы тілінен түрік тіліне аударылып, Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті Кеңес Басқармасы тарапынан «Пақырнама» және «Рисале дер Адаб-ы Тариқат» еңбектерімен бірге басылып шыққан (қараша 2016, Анкара). 

 

Кесенесі

Қожа Ахмет Яссауи 1166 жылы қайтыс болған кезде хылует ауласынан 100 метрдей қашықтықтағы жерде жерленіп, оның қабірінің басына кесене тұрғызылады. Бұл кесене тез арада сол аймақта тұратын мұсылмандардың зиярат орнына айналғанымен, көп ұзамай (XIII ғасырдың басында) болған моңғол шапқыншылығының зардаптары бұл аймаққа кері әсерін тигізеді. XIV ғасырдың аяғында Алтын Орда мемлекетін талқандап, осы өңірді жаулап алған Әмір Темір өзіне моңғол ханының қызы Түкел ханымды әйел етіп таңдап, қалыңдықты әкелуге жолға шығады. Жолда Яссы қаласына аялдап, Ахмет Яссауидің қабірін зиярат етеді. Яссыға жасаған осы сапары кезінде Әмір Темірдің түсінде Ахмет Яссауиді көргендігі, Ахмет Яссауидің оған жеңістің хабарын жеткізгендігі, сол үшін Әмір Темірдің алғыс білдіру үшін оның қабірінің басына кесене тұрғызу бұйырылғандығы риуаят етілген. Кесененің құрылыс жұмыстарымен сол кезеңдегі Түркістан өңірінің ең әйгілі сәулетшілерінің бірі Қожа Хусейн Ширази айналысқан. 


 

Екі күмбезді төртбұрышты ғимарат болып табылатын кесененің ортаңғы бөлмесінде үлкен тайқазан бар. Жеті металдың қосындысы болып табылатын бұл қазанның айнала шетіне кейбір дұғалар мен қазанды құйған ұста жайлы деректер жазылған. Ертеректе бұл қазанға шәрбат су құйып, Жұма намазынан кейін келушілерге ұсынылып, оның емдік қасиеті бар деп есептелгені айтылады. Бұл қазан 1934 жылы Сталиннің бұйрығымен көрмеге алынып, қайта әкелінбеген. Санкт-Петербургтегі Эрмитаж музейіне қойылған. Кейіннен Қазақстан үкіметінің әрекеттерімен 1989 жылы қайтадан кесенеге әкелінді.Үстінде үлкен күмбез орналасқан бұл орталық бөлменің айналасында асхана, мешіт, кітапхана, деруіш бөлмелері, құдық бөлмесі сияқты әртүрлі мақсатта жоспарланған көптеген бөлмелер бар.

Ортаңғы бөлмеде Орта Азия мәдениетінде әулие кесенелерінің символы болып саналатын ұзын найза және есік орналасқан. Бұл есік Ахмет Яссауидің қабірі орналасқан бөлмеге ашылады. Есіктің ішкі жағындағы ағаш оюынан жасалған құйма сақиналардың бірінде оның жасалған күні, яғни хижри 797 (м. 1395) жазылған. Бұл қабір бөлмесінің үстінде шағын күмбез бар. Ахмет Яссауидің қабірі ашық жасыл түсті тастан жасалған. Орталық бөлменің жанындағы кейбір бөлмелерде басқа да мазарлар бар. Бұл жерде XVI ғасырдан бастап қазақтың хандары мен билеушілері жерленген. Кесененің айналасы мен үсті шыны тақтайшалармен безендірілсе, кіре беріс есіктің алдыңғы жағы шыны тақтайшалармен көмкерілмеген. Бұл жағдай Әмір Темір қайтыс болғаннан кейін кесене құрылысының аяқталмай тоқтап қалғандығын көрсетеді. Тіпті, негізгі кіреберіс есіктің үстіндегі арка бөлігі Әмір Темір қайтыс болғаннан кейін толық аяқталмай қалған және бұл арканың 1000 жылы (1591-92) Бұхара әмірі Абдолла ханның бұйрығымен және қолдауымен аяқталғаны айтылады. Абдолла хан тұсында тұрғызылған тақтайлардың бір бөлігі бүгінгі күнге дейін сақталған. Кесененің ең үстіңгі жағында айнала сыртын қоршап жазылған Құран аяттары бар. Бұл жерде Әнғам сүресінің 59-63 аяттары жазылған. Сондай-ақ, сыртына тақтайшалармен, куфилік каллиграфиямен «Аллаһ», «Мұхаммед», «әл-Хамду лиллаһ», «Аллаһу әкбар», «Лә иләһә иллаллаһ» сынды жазулар өрнектелген. Кесененің бақшаға қараған бетіндегі шағын кесене, Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы әрі Әбілхайыр ханның әйелі Рабия Сұлтан бегімнің мазары болып табылады.