«Рухани Жаңғыру» және тәрбие департаменті басшысы

Динашева Ләззат Сәрсенбекқызы

«Рухани Жаңғыру» және тәрбие департаменті басшысының атқаратын негізгі қызметтері:

  • Көрнекі ғылыми бағдарламалардың орындалуын және олардың нәтижелерін іске асыру барысында тәжірибелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастырады.
  • «Рухани жаңғыру» ТД алдына қойылған маңызды ғылыми проблемалар бойынша ғылыми конгрестер, конференциялар, пікірталастар және семинарлар ұйымдастыруға міндетті.
  • Орталықтың сапа менеджменті жүйесі құжаттарын жасауға және оны жүзеге асыруда жетекшілік жасайды.
  • Жұмыс барысында ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттау үшін университет басшылығына ұсыныс жасайды.
  • Рухани жаңғыру» ТД қызметкерлерінің өсу деңгейін қадағалайды.
  • «Рухани жаңғыру» ТД қатысты жаңалықтар мен университет басшылығынан келген бұйрықтардың қызметкерлерге уақтылы жеткізілуін және олардың орындалуын қадағалайды.
  • Орталықтың өз ішінде және басқа мекемелермен ғылыми байланыс қызметін үйлестіруді ұйымдастырады және орталықты білікті маман кадрлармен қамтамасыз етеді, бірлескен, ұжымдық зерттеулерге ғылыми кадрлар тарту және дайындауды іске асырады.
  • Бес жылдық стратегиялық даму жоспарын, орталықтың жұмыс жоспарын және жұмыс есебін дайындап, орталықтың ғылыми кеңесіне ұсынады.
  • Орталықтың ғылыми кеңесіне шақыру, кеңеске төрағалық ету және кеңесте қабылданған шешімдерді орындау;
  • Халықаралық және отандық ғылыми ұйымдар мен зерттеу және практикалық орталықтарымен ынтымақтастық қатынастарын орнату арқылы орталықтың мақсатына сай жобаларды дайындауды қамтамасыз ету;