Хабарландырулар

shape
shape

Білім беру мақсаттары мен жетістіктері

  • Басты бет
  • Білім беру мақсаттары мен жетістіктері

Білім беру мақсаттары

Білім беру мақсаттары: оқытудың заманауи педагогикалық технологияларын игерген теориялық және практикалық  педагогика саласында жүйеленген білімі, іскерліктері мен дағдылары бар, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерді меңгерген   бәсекеге қабілетті  еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары педагогикалық технологияларды қолдана алатын, зерттеушілік және коммуникативтік дағдысы бар, білікті  химия,химия-биология,география  мұғалімдерін  даярлау.

Еңбек нарығында сұранысқа ие, қоршаған орта объектілерінің мониторингі саласында практикалық зерттеулер жүргізуге және биосфераның ластану дәрежесін айқындауға, кәсіби дағдыларды жетілдіру арқылы ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдер қабылдауға жоғары қабілетті мамандарды даярлау;

Жетістіктері

  • Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру бағытындағы №101129032 ERASMUS-EDU-2023-CBHE гранттық келісім-шарты бойынша «Жер ресурстарын басқару, қоршаған орта және қатты қалдықтар: Орталық Азиядағы білім және бизнес аясында» («Land management, Environment & SoLId-WastE: in side education and business in Central Asia» - LESLIE) атты Халықаралық гранттық Эрасмус+жобасы; ғылыми координаторы х.ғ.к., профессор Р.Н. Нұрділлаева.
  • Экология және химия кафедрасының инициативті жобасы «Қоршаған орта нысандарының сапасын бағалау және экологиялық мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын зерттеу», ғылыми жетекшісі PhD, доцент Н.Ә.Әбдімүтәліп.
  • ҚР мемлекеттік гранттық қаржыландыру жобасы AP19679127 «Жасөспірімдердің цифрлық гигиена дағдыларын қалыптастыру және кибербуллингтің алдын алудың әдістемелік жүйесін әзірлеу», ғылыми жетекшісі PhD Берді Д.К.
  • ҚР мемлекеттік гранттық қаржыландыру жобасы AP22787838 «Химия мұғалімдерін оқыту сапасын арттыруға арналған цифрлық білім берудің интерактивті рөлін зерттеу және Mozabook платформасында курсты әзірлеу (7-сынып мысалында)», ғылыми жетекшісі PhD Берді Д.К.

Ғылыми әлеует 

Кафедраның ғылыми әлеуетін ғылым докторлары мен кандидаттары, профессор, доценттер, PhD докторлар құрайды, ғылыми дәрежелік көрсеткіші — 63%. Ғылыми рейтинг 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша кафедра ғылыми, әдістемелік көрсеткіштері бойынша алтыншы орынды иеленді. Рейтинг нәтижесі бойынша келесі ОПҚ қаржылай сыйақыға ие болды:

  • Х.ғ.к., профессор Нұрділлаева Р.Н.
  • Техн.ғ.д., профессор Ақбасова А.Д.
  • Доктор PhD Берді Д.К.
  • Доктор PhD, доцент Әбдімүтәліп Н.Ә.
  • Доктор PhD Сарбаева М.Т.
  • Доктор PhD Тойчибекова Г.Б.