shape
shape

Бағдарламалар

Теология факультеті / Теология кафедрасы / Бакалавриат

6B02266 - Исламтану

Course Image Теология факультеті Теология кафедрасы

Исламтану саласында кәсіби білімін іс жүзінде қолдана алатын, қоғамдағы діни мәселелерді шешуге қабілетті, өз бетінше ізденуге және одан әрі білімін жалғастыруға дағдыланған білікті мамандар даярлау.
Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының рухани жаңғыруын жеделдету және діни ресурстарды қолдану арқылы халықтың діни сауатын арттыру мақсатында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген.

  • Ислам ғылымдарының қалыптасуы мен даму кезеңдерін, негізгі теориялар мен әдістемесін меңгеріп, қоғамдағы діни проблемаларды шешуде кәсіби білімін қолданады. 
  • Ислам діни мәтіндерін оқу, түсіндіру, қолдану саласында негізгі теориялық білімін көрсетеді.  
  • Ислам тарихындағы діни мектептер мен қазіргі ағымдардың байланыстары мен ерекшеліктерін тұжырымдайды.
     
  • Исламтану білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы және шығармашылық емтихандардан сәтті өткен болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары №600 31.10.2018ж.)
     
  • Исламтану білім беру бағдарламасының бакалавриат түлегі діни бірлестіктер мен қоғамдық даму ұйымдары, исламдық білім беру мекемелері және діни қызмет саласы үшін дайындалған. 
  • Республикалық, облыстық, мемлекеттік және жергілікті органдар; 
  • Эксперттік-кеңес беруші Кеңестер;
  • Қоғамдық ұйымдар және т.б.