Бизнес менеджментте жоғары деңгейлі қолданбалы білімдер мен басқарудың замануи бағыттарының теориялық және тәжірибелік негіздерін игерген ұйымдастырушылық, талдаушылық, көшбасшылық қабілеттерге ие бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.