team
доцент Ғылым кандидаты, Примкулова Гаукар Жанкуловна

кафедра меңгерушісі

Телефон:
+7(725) 336-3636
Электрондық пошта:
gaukar.primkulova@ayu.edu.kz
№:
219

1968 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Н.Некрасов атындағы орта мектебін бітіріп, 1985-1990 жылдары Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының Тарих факультетінде білім алды. 

1990-1993 жылдары №9 Некрасов атындағы мектеп-гимназиясы Тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1993 жылдан қазіргі күнге дейін Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де  Тарих кафедрасында жұмыс істейді.

2008 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және Ғылым саласындағы бақылау комитетінің 27.11.2008 ж. (№12 хаттама) шешімімен Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 

2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және Ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 17.07.2018 ж. №1161 бұйрық Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. 

2018 жылдан «Тарих» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.