Екіжақты келісім-шарт негізінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестріне тіркелу басталғанын хабарлаймыз!
Тіркелу мерзімі: 25.11.24-04.12.24
Тіркелу оффлайн форматта төменде көрсетілген құжаттармен бірге Ректорат, 418 кабинетте өтеді.
Тіркелу кезінде қажетті құжаттар:
- Жеке куәлік және төлқұжат көшірмесі;
- Университеттің ресми мөрімен куәландырылған ағымдағы транскрипт ағылшын тілінде. (Транскрипт Ректорат, 1 қабат, 122 кабинетте беріледі);
- Түрік тілі бойынша Тіл білімі деңгейін анықтау сертификаты (кемінде B2 деңгейі).
- Ағылшын тіліндегі мамандықтар үшін ағылшын тілі бойынша Тіл білімі деңгейін анықтау сертификаты (кемінде B2 деңгейі).
Тіл білімі деңгейін анықтау сертификаты болмаған жағдайда білімгер тіркелуден соң Лингвистикалық орталықта болатын тестке қатыса алады.
Ескерту: бітіруші курс білім алушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасын пайдалана алмайды. Барлық шығындар білімгердің өз есебінен төленеді.
Қосымша сұрақтар бойынша:
Ректорат, 418 кабинет.
Байланыс телефоны: Салтанат Түймебек 87077912010,
Эмре Гүлже 87058375963
Инстаграм парақшасы: https://www.instagram.com/ayu_international/
# 33. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи университетінің кітапханасы конкурс жариялайды
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Жаратылыстану факультеті,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды 