• image image image image
  • shape
    shape

    Хабарландырулар

    Blog Image

    Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе бөлімі конкурс жариялайды

    2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.

    1. Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе бөлімі

               Жұмыс орны

    Қызметі

       Штат бірлігі

    1

    Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе бөлімі

    Басшы

    1,0 ш.б.

    2

    Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе бөлімі

    Жетекші маман

    4,0 ш.б.

    1 . Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе  басшысы қызметіне білімі жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білімі, қызметкерлермен жұмыс істеу тәжірибесі және жұмысты ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық немесе әкімшілік қызметтерде тәжірибесі 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы тиіс;

    2. Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің жетекші маманы қызметіне білімі жоғары, қызметкерлермен жұмыс істеу тәжірибесі және жұмысты ұйымдастыру қабілеті бар, білім беру саласында жұмыс өтілі бар болуы тиіс

    Қажетті құжаттар тізімі:

             1) түйіндеме;

    2) жоғары білім туралы дипломның, көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

    3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;

    4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

    5) наркологиялық ұйымнан анықтама;

    6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    Қосымша деректер:

    1. Комиссия хатшысы Адам ресурстарын басқару бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур,  электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
    2. Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
    3. Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы 

              күні мен уақыты: 2025 жылдың 01 мамыр , сағат 18-00 дейін.

    ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.