Екіжақты келісім-шарт негізіндегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2025-2026 оқу жылына тіркелу басталғанын хабарлаймыз!
Тіркелу мерзімі: 26.05.25-06.06.25
Тіркелу оффлайн форматта төменде көрсетілген құжаттармен бірге Ректорат, 418 кабинетте өтеді.
Тіркелу кезінде қажетті құжаттар (Сыртқы академиялық ұтқырлық үшін):
- Жеке куәлік және төлқұжат көшірмесі;
- Университеттің Тіркеуші офисінің мөрімен куәландырылған ағымдағы транскрипт ағылшын тілінде. (Транскрипт Ректорат, 1 қабат, 122 кабинетте беріледі);
- Түрік тілі/Ағылшын тілі бойынша Тіл білімі деңгейін анықтау сертификаты (кемінде B2 деңгейінде Лингвистикалық орталық ,Yunus Emre, IELTS, TOEFL сертификаттары жарамды).
Тіл білімі деңгейін анықтау сертификаты болмаған жағдайда білімгер тіркелуден соң Лингвистикалық орталықта болатын тестке қатыса алады.
Тіркелу кезінде қажетті құжаттар (Ішкі академиялық ұтқырлық үшін):
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Университеттің Тіркеуші офисінің мөрімен куәландырылған ағымдағы транскрипт (Транскрипт Ректорат, 1 қабат, 122 кабинетте беріледі);
Ескерту: бітіруші курс білім алушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасын пайдалана алмайды. Барлық шығындар білімгердің өз есебінен төленеді.
Қосымша сұрақтар бойынша:
Ректорат, 418 кабинет.
Байланыс телефоны: Салтанат Түймебек 87077912010
Эмре Гүлже 87058375963
Гүлназ Шонжанова 87478460988
Инстаграм парақшасы: https://www.instagram.com/ayu_international/
# 33. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи университетінің кітапханасы конкурс жариялайды
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Жаратылыстану факультеті,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды 