Қ.А.Ясауи университеті конкурс жариялайды
2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов даңғылы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөліміне бос орындарға конкурс жариялайды.
1. Ректорат
№ | Қызмет атауы | Штат бірлігі |
1 | Көмекші | 1,0 ш.б. |
- Біліктілік талаптары: Көмекші қызметіне заңгерлік жоғары білімі бар, қызметкерлермен жұмыс істеу тәжірибесі және жұмысты ұйымдастыру қабілеті бар тұлға тағайындалады, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Білуге міндетті: ҚР Конститутциясын;
- ҚР «Тіл туралы» заңы;
- ҚР «Еңбек кодексін»;
- Университет Жарғысын;
- Университет СМЖ құжаттарын;
- Университетттің ішкі еңбек тәртібі ережесін:
Қажетті құжаттар тізімі:
1) түйіндеме;
2) жоғары білім туралы дипломның, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) наркологиялық ұйымнан анықтама;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Қосымша деректер:
- Комиссия хатшысы Кадр бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур, электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
- Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
- Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы
күні мен уақыты: 2025 жылдың 8 шілде, сағат 18-00 дейін.
ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/wp-content/uploads/2024/01/aup.ahch-konkurs-erezhesi-2023.pdf сайтында танысуға болады.