Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығы конкурс жариялайды
2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.
Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығы.
№ | Қызметі атауы | Штат бірлігі |
1 | Орталық маманы | 1,0 ш.б. |
1. Орталық маманы қызметіне тәжірибелі оқытушылар қатарынан, білімі жоғары, жұмыс істеу тәжірибесі және ұйымдастыру қабілеті бар, ЖЖОКБҰ-да еңбек өтілі 3 жылдан кем емес болуы тиіс;
Қажетті құжаттар тізімі:
- түйіндеме;
- жоғары білім туралы дипломның, көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Қосымша деректер:
- Комиссия хатшысы Кадр бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур, электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
- Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
- Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 2025 жылдың 10 қыркүйек , сағат 18-00 дейін.
ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.