• image image image image
  • shape
    shape

    Хабарландырулар

    Blog Image

    Ғылым департаменті, Спорт факультеті конкурс жариялайды

    2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.

    Ғылым департаменті, Спорт факультеті.

               Жұмыс орны

    Қызметі

       Штат бірлігі

    1

    Ғылым департаменті

    Жетекші маман

    2,0 ш.б.

    2

    Спорт факультеті

    Хатшы

    1,0 ш.б

    3

    Спорт факультеті

    Маман

    1,0 ш.б

    1 Жетекші маман қызметіне білімі жоғары, қызметкерлермен жұмыс істеу тәжірибесі және жұмысты ұйымдастыру қабілеті бар, білім саласында жұмыс өтілі бар болуы тиіс;

    2.Хатшы қызметіне жоғары білімі бар,компьютерде еркін жұмыс істей  білуі тиіс.

    3. Маман қызметіне жоғары білімі және компьютерде еркін жұмыс істей  білуі тиіс, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары  болуы тиіс;

    Қажетті құжаттар тізімі:

    1. түйіндеме;
    2. жоғары білім туралы дипломның, көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
    3. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
    4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
    5. наркологиялық ұйымнан анықтама;
    6. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    Қосымша деректер:

    1. Комиссия хатшысы Кадр бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур, электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
    2. Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
    3. Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 2025 жылдың  18 қыркүйек , сағат 18-00 дейін.

    ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.