Азық – түлік және сусындарға арналған өз-өзіне қызмет көрсету вендинг аппараттары үшін орындарды жалға беру
Лот №2. «Азық – түлік және сусындарға арналған өз-өзіне қызмет көрсету вендинг аппараттары үшін орындарды жалға беру»
Жұмыс уақыты: қосымшаға сәйкес.
Қызмет көрсету мерзімі: Комиссия шешіміне сәйкес, келісім шартқа отырған күннен бастап – 1 жыл көлемінде жарамды.
Жалға алушыға қойылатын талаптар:
- Тапсырыс беруші «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесімен осы хабарламаның қосымшасында белгіленген алаңға сәйкес (1-текше метрге) жалға алу келісім шартына отыруға міндетті; Тапсырыс беруші «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» қызметкерлері осы жалға алуға қатысуы шектеледі.
- Вендинг аппараттарында сатылатын азық-түлік және сусындарға бекітілген бағалар көрсетілуі тиіс және келісім шарт аяқталғанға дейін өзгермеуі керек.
- 1-текше метрге баға ұсынысы болуы керек;
- Әлеуетті өтінім беруші жеңімпаз болған жағдайда, жалға алу ақысының 2 айлық төлемін депозит ретінде алдын ала төлем жасауы тиіс;
- Жалға алушы ҚР Бас санитары қаулысының талаптарын орындауға міндетті;
- Вендинг аппаратын қолдануға арналған рұқсат сертификаттар;
- Бұдан басқа талаптар мен міндеттемелер келісім шартта көрсетіледі.
Қатысу шарттары:
- Жалға алу орнының мекен-жайы және 1-текше метрге баға ұсынысы баға ұсынысы көрсетілген университет ректоры атына өтініш;
- Әлеуетті өтінім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзіретті органдарға тіркелуі туралы анықтама;
- Әлеуетті өтінім берушінің мемлекеттік кіріс органдарында берешегі жоқ туралы анықтамасы;
- Орнатылатын вендинг аппараттары туралы толық ақпарат (презентация түрінде);
- Азық-түлік және сусындарға арналған вендинг аппаратына қызмет көрсететін тұлғаның медициналық кітапшасы, Тубдиспансер және тері венерологиялық орталықта есепте тұрмайтыны жөнінде анықтама;
- Сатылатын азық-түлік және сусындар түрлерінің бағалары;
- Әрбір жалға алушы тұлғалар конкурстық өтінімдердің аяқталу мерзіміне дейін жоғарыда көрсетілген құжаттарды конвертпен ұсынуы шарт. Конверттің желімделген бөлігінде тиісті тұлғаның қолы, мөрі басылуы тиіс. Әрбір парақтар сандық жүйе бойынша нөмірленіп, баға ұсыныстары қоса берілуі керек.
Комиссия мүшелерінің шешімімен келесі шарттардың бәріне немесе үстем бөлігіне сәйкес келетін конкурс қатысушыларының арасынан жеңімпаз тұлға анықталады:
- Вендинг аппаратында сатылатын азық-түлік өнімдерінің бағалары, жалға алынатын орынға ұсынылған баға көрсеткіші басты талап болып табылмайды.
Қосымша ақпарат: 1-текше метрге арналған жалға берудің шекті бағасы 30 000 теңгені құрайды, вендинг аппаратын орнататын заңды тұлғалар өз бағасын осы бекітілген бағадан жоғары ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға ниетті әлеуетті өтінім берушілердің құжаттары Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, №29В ректорат ғимараты, 606 кабинетінде қабылданады. Хабарландыру университеттің сатып алу сайтында жарияланған күннен бастап 26.12.2025ж. дейін өтінімдер қабылданады. (26.12.2025ж сағат 14:00 ге дейін) Комиссия отырысы 26.12.2025ж сағат 15:00-де ректорат ғимаратының 301 кабинетінде өткізіледі.
Азық түліктік вендинг және кофе аппараттары үшін орындар
№ | Кофе және вендинг аппараттары үшін жалға берілетін орынның мекен-жайы | Жалға алуға шекті баға (1-айға) |
1 | №2 оқу ғимараты (1-қабат)
| 30 000 (1-текше метрге) |
2 | №3оқу ғимараты (1-қабат)
| 30 000 (1-текше метрге) |
3 | Ғылыми кітапхана (1-қабат)
| 30 000 (1-текше метрге) |
Дайын тағамдарды буфеттер арқылы сатуды жалға беру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи университетінің кітапханасы конкурс жариялайды
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Жаратылыстану факультеті,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды 