«ENHANCING INTERACTIONS THROUGH EFFECTIVE COMMUNICATION, CRITICAL THINKING, AND ETHICAL RELATIONSHIPS» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Филология факультеті,«Ағылшын филологиясы және аударма ісі» кафедрасының магистр оқытушысы Аружан Құрбан бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі – «Enhancing interactions through effective communication, critical thinking, and ethical relationships» тақырыбында семинар өткізді.
Құрбан Аружан семинар барысында студенттерге қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру, сыни ойлауды дамыту және этикалық қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша практикалық идеяларды ұсынды. Ол академиялық және кәсіби ортада тиімді қарым-қатынастың маңыздылығын және оның жеке қарым-қатынасқа қалай оң әсер ететінін атап өтті.
Сонымен қатар, ақпарат ғасырында сыни тұрғыдан ойлаудың қажеттілігі туралы айтып, студенттерді ақпарат көздеріне сұрақ қоюға және өздерінің негізделген пікірлерін дамытуға шақыра отырып, этикалық қарым-қатынастарды түсінуі, әсіресе, бүгінгі бір-бірімен байланысты әлемде сенім мен құрметтің маңыздылығын айтты. Студенттердің белсенді тыңдау, өз ойларын анық әрі сенімді жеткізу сияқты нақты қарым-қатынас элементтерін талқылады. Қатысушылар тиімді қарым-қатынас пен сыни тұрғыдан ойлаудың құндылығын тереңірек түсініп, сонымен қатар этикалық қарым-қатынастарды құруға жаңа міндеттеме алды.
Жиын соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарына тың жауаптар алды. Сондай-ақ, айтулы семинарды өткізген магистр оқытушысы Аружан Құрбанға алғыстарын білдірді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
# 38. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды 