ПЕДАГОГТАРДЫ КӘСІБИ ҚОЛДАУ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Келісімнің мақсаты – қос тарап арасында ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі бойынша ынтымақтастық орнату. Сонымен қатар, аймақтық білім беру ұйымдарында педагогтарды ерте бейімдеу және кәсіби даярлау. Педагогикалық сыныптар ашу және дамыту, болашақ педагогтарға кәсіби даму мен өзін-өзі жетілдіруге бағытталған проактивті қолдау көрсету. Әрі білімгерлердің педагогикалық тәжірибесін тиімді және сапалы өткізуде тәжірибе алмасу бағыттарын іске асыру.
Басқосуда ректор Жанар Темірбекова: «Университетімізге бүгінгі меморандум бойынша ұсыныс түскенде ерекше қуандық. Себебі, оқу ордамыздың ең негізгі бағыттарының бірі – өңіріміз бен еліміз үшін сапалы педагог мамандарын даярлау»,-деді.
«Бүгін осы университетке келіп, сіздермен жүздескеніме өте қуаныштымын. Бұл оқу ордада 2 жыл қызмет атқарған едім. Өздеріңіз білетіндей, педагог мамандарға қойылар талап қатаң. Сондықтан, меморандум аясында сіздермен бірге келешек педагогтардың мықты маман болып қалыптасуы үшін ортақ маңызды жұмыстар жүргіземіз деп сенемін»,-деді «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы бойынша КДИФ директоры Кулизат Бактыбаева.
Тараптар алдағы уақытта тәжірибе алмасу мақсатында оқытушы-профессорлар құрамының лекция оқу, таныстырылымдар мен ғылыми зерттеулерге қатысу,тренинг, семинар, шебер сыныптар, консультативтік және сараптамалық жұмыстар өткізуге келісті. Сондай-ақ, педагогтарды даярлау сапасын арттыру үшін бірлескен зерттеу мен тәжірибелік жұмыстарды жүзеге асыру сияқты педагогтардың жарқын болашағы үшін өзге де тың бастамаларға қолдау көрсетуге уағдаласты.
Жиын соңында меморандумға ректор Жанар Темірбекова мен «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы бойынша КДИФ директоры Кулизат Бактыбаева қол қойды.
# 33. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи университетінің кітапханасы конкурс жариялайды
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Жаратылыстану факультеті,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды 