ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН ӨТТІ
Бүгін университетімізде жастар арасында адалдық құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Заң мен тәртіп» концепциясы негізінде «Адал ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы интеллектуалды ойын өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қоғамда адалдық пен әділдік қағидаларын нығайту болды.
Интеллектуалды ойынға университетіміздің студенттері қатысып, адалдық, әділдік, парасаттылық және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттарындағы білімдерін сынады. Ойын барысында қатысушылар тарихи деректерге, құқықтық нормаларға, логикалық ойлауға және түрлі жағдайлық тапсырмаларға негізделген сұрақтарға жауап беріп, өз білімі мен тапқырлығын көрсетті.
Қатысушылар аталған шараның тек білім сайысы ғана емес, жауапты, әділ әрі саналы азамат болып қалыптасуға ықпал ететін маңызды платформа екенін атап өтті.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
# 38. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды 