«АКАДЕМИЯЛЫҚ ЭТИКА МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ӨТТІ
Тренинг әр аптаның сейсенбісінде өтетін корпоративтік таңғы ас аясында ұйымдастырылды. Бұл кездесулер декандар, департамент жетекшілері, ғылыми-зерттеу институттары директорлары, декан орынбасарлары мен кафедра меңгерушілеріне арналған біліктілікті арттыру және команда құруға бағытталған.
Бүгінгі тақырыптың маңызын айшықтаған Эльмира Идрисова: «Этика — университеттің беделін анықтайтын күнделікті кішкентай таңдаулар. Академиялық этика – адалдық, әділдік, сенім, жауапкершілік, сыйластық. Ол тек қағаздағы кодекс емес. Этика – біздің шешімдеріміздің тізбегі»,-деді.
Тренингте Эльмира Идрисова ең алдымен «Этика басқарушылық деңгейде ең көп қай жерде сыналады? Неге академиялық адалдық маңызды?» деген сауалдарға жауап берді.
Келесі кезекте, Decision Tree – этикалық шешім қабылдау ағашын таныстырды. Бұл бір ситуацияға тап болғанда басшының төрт түрлі мүмкін жолын көрсететін әдіс. Басты мақсаты – бір мәселені бірнеше қырынан қарау, тек бір «дұрыс» емес, барлық опцияны талқылау, шешім логикасын көре білу, соңында ең ақылды, әділетті шешімді таңдау екенін жеткізді.
Сондай-ақ, спикер «Decision Tree» әдісі арқылы қатысушыларға топтық тапсырмалар берді. Ситуациялық жағдайлар ұсынып, аталған әдіс арқылы шешімін табуды тапсырды. Әр топ өз шешімдерін рәсімдеп, қорғады. Қатысушылар осы сияқты түрлі академиялық этика мен жауапкершілікті арттыруға бағытталған ойындар ойнады.
Тренинг соңында қатысушылар 2025–2026 оқу жылында Этиканы жақсарту үшін жасайтын нақты әрекеттер тізбегін ұсынды.
Осылайша жиынға қатысушылар академиялық этиканың мәнін терең түсініп, басқарушылық қызметте туындайтын күрделі жағдайларды әділ әрі нақты шешудің жолдарын қарастырды.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті, Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 