ӨКІЛЕТТІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Айта кетейік, кездесуде Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов пен Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу мен Жастар саясаты департаментінің өкілдері де болды.
Жиында сөз бастаған Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек: «Қазіргі таңда университетіміздің 100 мыңға жуық түлегі бар. Олар бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде маңызды лауазымдарда қызмет етуде. Сіздер де оқуды аяқтағаннан кейін өз мемлекеттеріңізге еңбек етіп, маңызды рөл атқарасыздар деп сенемін. Сіздер біздің тек студентіміз емес, ұл-қыздарымыз ретінде қымбатсыздар! Сондықтан осы ортада сіздермен тоғысып, клубтар жөнінде ой талқы жүргізіп, пікір алмасу үшін арнайы жиналдық.
Құрметті білімгерлер, студенттік клубтардың мүшелерімен бірге оқу ордамыз үшін маңызды жұмыстар атқарып келесіздер. Әрбір студентіміздің жетістігін мақтан тұтамыз»,-деді.
Сонымен қатар, Өкілетті Кеңес төрағасы жастарға ата-ананы сыйлап, құрмет көрсетудің маңызын түсіндірді. Әр студентті болашақта туған жері мен білім алған университеттерін ұмытпай, мықты маман болып еліне қызмет етуге шақырды. Университеттің түркі дүниесінде алар орны мен ғылым алаңындағы әлеуеті жөнінде ой қозғады.
Мухиттин Шимшек белсенді жастардың ой пікірі мен ұсыныстарын тыңдауға дайын екенін айтты. Студент-төрағалар өз кезектерінде клубтарының мақсаты мен жобаларын таныстырды. Клуб жұмысын жандандыру арқылы университеттің әртүрлі алаңда дамуына үлес қоса алатындарын жеткізді.
Кездесу соңында белсенді студенттер өздерін ықыласпен тыңдап, пікірлеріне ерекше мән берген Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшекке шынайы алғыстарын білдірді. Олар бұл басқосудың өздеріне үлкен серпін бергенін, университет дамуына үлес қосу жолында жаңа идеялар мен жауапкершілік сезімін арттыра түскенін атап өтті.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті, Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 