ЖАҢАРУ КҮНІНДЕ УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ АҒАШ ЕГУ РӘСІМІ ӨТТІ
Бүгін университетіміздің басшылық құрамы мен факультет декандары, ҒЗИ қызметкерлері және студенттер 40 түп ағаш отырғызды. Табиғатты аялап, айналамызды көгалдандыруға үлес қосқан рәсім «Наурызнама» онкүндігі аясындағы 19 наурыз – Жаңару күнінде ұйымдастырылды.
Ағаш егу – игі іс. Қоршаған ортаны лас ауадан сақтап, қыста қорғаның, жазда көлеңкең болатын, тал шыбықтан бәйтерекке айналатын ағаш – табиғаттың асылы. Болашақта оқу ордамызды гүлдендіріп, көркейтуге ағаш отырғызу арқылы үлес қосқандар қатары көп болды.
Университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова мен ректор өкілі Пейами Баттал бастаған ұжым мен білімгерлер ағаш егіп, оны суғарды. Студент жастарға қазақ халқының «Бір тал кессең, он тал ек», «Атадан мал қалғанша тал қалсын» деген нақыл сөздерінің мәнін ұғындыра түсті. Осылайша, тазалық пен жаңарудың белгісі болған игі дәстүр өз жалғасын тапты.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 