«ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫ: ҰЛТТЫҚ КОД ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ СӘН» АТТЫ КӨРМЕ-БАЙҚАУ ӨТТІ
Бүгін университетімізде Бейнелеу өнері кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік рухы: ұлттық код және заманауи сән» атты шығармашылық көрмесі мен байқауы өтті.
Көрме 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналып, «Тәуелсіздік – айғағым, желбіре көк байрағым» тақырыбы аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – қолданыстан шыққан киімдерге жаңа тыныс беріп, қайта өңдеу арқылы олардың мәнін арттыру, сондай-ақ жас дизайнерлердің шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін көрсету.
Көрменің лентасын Академиялық мәселелер жөніндегі вице-ректор Эльмира Идрисова, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі вице-ректор Еділ Төлегенов және Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қуандық Ералин қиды.
Байқауда дизайн мамандығының 20 студенті өз жұмыстарын ұсынып, қазылар алқасына таныстырды. Шығармашылық жұмыстарды бағалау үшін қазылар алқасы құрамында Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың профессоры Қуандық Ералин мен магистр-оқытушысы Зульфия Иманколова және стилист, DNKA SHOWROOM негізін қалаушы Анар Серікбаева болды.
Байқау қорытындысы бойынша І орын Ұлжан Тасқұлға бұйырды. ІІ орынды Сара Ақылбекқызы мен Аяжан Серікбай алды. Ал ІІІ орынды Назым Стамбекова , Алвина Тасыбек мен Аружан Самен иеленді.
Айта кетейік, шара барысында Бейнелеу өнер кафедрасының аға оқытушысы Динара Есеналиеваның жетекшілігімен, 2025 жылғы бітіруші түлектер дайындаған «Самғау» коллекциясынан сәндік дефиле де өтті.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 