КОРЕЯНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ ЛИ ЁН СОН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТТІ
Бүгін университетімізге Оңтүстік Кореяның еңбек сіңірген әртісі, Сеул опера және балет театрының солисті, Учхон сити опера театрының директоры, өнер тану доценті Ли Ён Сон қонаққа келді. Ол Спорт және өнер факультетінің студенттеріне арнайы шеберлік сағатын өтті.
Опера әншісі Ли Ён Сон ең алдымен, оқу ордамыздың ректоры Жанар Темірбековамен кездесті. Жиынға әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев, Спорт және өнер факультетінің деканы Бекахмет Абусейтов пен оқытушылар және студенттер қатысты.
Университет ректоры Жанар Темірбекова алыстан ат терлетіп, арнайы келген Ли Ён Сонға алғыс білдірді. Қазақ еліндегі корей жұртшылығына деген сыйластық пен тарихы тереңде жатқан достық байланыстары жөнінде баяндады.
Ли Ён Сон өз кезегінде, қонақжайлықпен қарсы алған университет басшылығы мен ұжымына деген ризашылығын жеткізді. Қазақстанның өзге өңірлерінде болғанымен, Түркістанға алғаш келгенін, қаланың әсемдігіне тәнті болғанын жасырмады.
Кездесу соңында ректорымыз Жанар Темірбекова қонаққа сый-сияпаттар табыстап, шапан жапты.
Келесі кезекте, опера әншісі Ли Ён Сон Спорт және өнер факультетінде, Театр өнері және Орындаушылық өнер мамандықтарының студенттеріне шеберлік сағатын өтті. Кәріс тілінде әндер шырқап, керемет көңіл-күй сыйлады.
Шеберлік сағатында опера әншісіне ғана емес, жалпы әншіге қажетті тың ақпараттармен бөлісті. Дұрыс дем алу, акустика, дауыс жаттықтыру сынды т.б техникаларын көрсетті. Сахнаға шығуға дейінгі әншінің дауыс жаттығулары, ән айту процесінде деммен жұмыс істеу сияқты өз әдіс-тәсілімен бөлісті.
Жиын соңында студенттер мен оқытушылардың өздерін қызықтырған сауалдарына жауап берді.
Қатысушылар Кореядан келіп, ерекше ән айту техникаларымен бөлісіп қана қоймай, ұлт мәдениеті мен өнерін танытқан Ли Ён Сонға ризашылықтарын білдірді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 