ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ХАКАТОН ӨТТІ
Бүгін университетімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Инновациялық Хакатон өтті. Шараны университетіміздің Коммерцияландыру офисі ұйымдастырды.
Іс-шараға оқушылар, студенттер, жас мамандар мен жаңашыл идея ұсынуға ынталы жастар жиналып, өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жобаларын ортаға салды.
Хакатонға қатысқан 15 команда ауыл шаруашылығы, экология және цифрландыру бағыттары бойынша нақты әрі қолданбалы шешімдер ұсынды. Қатысушылар қысқа уақыт ішінде идеяны пысықтап, оны инновациялық жобаға айналдыру арқылы өздерінің кәсіби біліктілігі мен командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.
Әділқазылар құрамында Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева, Коммерцияландыру офисінің директоры Азат Исаков , IT департаментінің директоры м.а. Ерболат Тұрсынбек, Қауымдастырылған профессор Арман Маханбетов, сондай-ақ Түркістан HUB директоры Алихан Сламбек болды.
Сарапшылар жобаларды идеяның өзектілігі, техникалық жүзеге асырылу деңгейі, жаңашылдығы, практикалық маңыздылығы және таныстырылым сапасы бойынша бағалады.
Байқау нәтижесінде ауыл шаруашылығы бағыты – «Feater-TEAM» командасы , экология бағыты – «AxiomX» командасы және цифрландыру бағы бойынша «Vision AI» командасы жеңімпаз деп анықталды.
Сондай-ақ байқауға қатысқан өзге командаларға белсенді қатысқандары үшін арнайы сертификаттар табысталды.
Бұл Инновациялық Хакатон жас таланттарды қолдауға, жаңа бастамаларды дамытуға және университеттің инновациялық экожүйесін нығайтуға бағытталған тиімді алаңға айналды.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 