АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Бүгін университетімізде Ардагерлер кеңесінің 2025 жылғы соңғы жиыны өтті. Басқосу барысында ардагер оқытушылар атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп, жаңа жылға жоспарлары және ұйымдастырушылық мәселелерін талқылады.
Айта кетейік, қазіргі таңда университетімізде 78 ардагер бар. Олардың басым бөлігі 25–30 жылдан астам уақыт бойы оқу ордамызда үздіксіз қызмет атқарып келеді.
Жиынға Түркістан қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бектас Шерікбаев арнайы қатысып, өз сөзінде университеттегі ардагерлер жұмысына оң бағасын беріп, ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында Ардагерлер кеңесінің төрағасы, профессор Сейдулла Садықов жыл қорытындысы бойынша есеп беріп, атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды.
Басқосуда Ардагерлер кеңесінің алдағы жоспарлары да сөз болды. Атап айтқанда, шамамен 15 ардагер оқытушыны Түркия Республикасына саяхаттауға және тәжірибе алмасу мақсатында жіберу көзделіп отыр.
Алдағы уақытта университетіміздің құрылғанына 35 жыл толу мерейтойын лайықты деңгейде атап өту және студенттерге тәлім-тәрбие беру бағытындағы жұмыстар жалғасын таппақ.
Күн тәртібіндегі есеп беру және сайлау мәселелері бойынша университеттегі ардагерлік жұмыстар қанағаттанарлық деп танылды. Бір ауыздан дауыс беру нәтижесінде профессор Сейдулла Садықов Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды.
# 33. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи университетінің кітапханасы конкурс жариялайды
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Жаратылыстану факультеті,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды 