№4 СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Бүгін оқу ордамызда №4 Сенат мәжілісі өтті. Жиынға Сенат мүшелері, құрылымдық бөлім басшылары, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.
Басқосу университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамын марапаттау және мерейтойларымен құттықтау рәсімімен бастау алды. ҚР-ның білім және ғылым саласының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Ахмеруерт Абсеметова Ғылым және жоғары білім министрлігінің арнайы құрмет грамотасымен марапатталды. Университет ректоры Жанар Темірбекова Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің аға-лобаранты Жанар Балтабайқызы мен Теология факультетінің аға-лобаранты Айткүл Балғабаеваны 50 жас мерейтойларымен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады.
Бұдан әрі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығының басшысы Салима Мухиддинова «2023 жылғы түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі» туралы мәліметтерді жеткізді.
Сондай-ақ, университет ОПҚ-ның құжаттарын ғылыми атақ алу үшін ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне ұсыну; Магистранттардың тақырыптары мен ғылыми жетекшілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу; Университет ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралы, мен монографияларын бекіту және баспаға ұсыну туралы және т.б маңызды мәселелер қаралды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 