2025 ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Басқосу әдеттегідей университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамын марапаттау және мерейтойларымен құттықтау рәсімінен бастау алды.
Университет ректоры Жанар Темірбекова ғылым докторы, доцент Уалихан Ағабекұлын 63 жас мерейтойымен, сондай-ақ экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Рима Ибадуллақызы, биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Дайраш Нұржігітқызы және тарих ғылымдарының кандидаты Забираш Әшімхановнаны 60 жас мерейтойларымен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады.
Сонымен қатар, медицина ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ибадулла Тұрметовке Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін табыстады.
Жиын барысында бірқатар профессор-оқытушылар құрамына ғылыми атақтар беру туралы куәліктер де табысталды.
Философия, дінтану және мәдениеттану ғылымдары бағыты бойынша Сұлтанмұрат Абжаловқа профессор ғылыми атағын беру туралы куәлік табысталса, Медицина ғылымдары саласы бойынша Насраддин Шапамбаевке, Нұргүл Жолдасоваға, Филология және әдебиеттану бағыты бойынша Шолпан Карсыбековаға, Сәуле Мағжанға, Материалтану және инженерлік ғылымдар бағыты бойынша Ақтолкын Ағабековаға және Экономика және бизнес саласы бойынша Жантөре Жетібаевқа қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беру туралы куәлік тапсырылды.
Бұдан әрі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Ғылым департаментінің директоры Хайрулла Масадиков ҚР ҒЖБМ мемлекеттік тапсырыс аясында дайындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалу барысын баяндады.
Сондай-ақ, 2025-2026 оқу жылының докторантура бағдарламаларына қабылданған білімгерлердің диссертация тақырыптарын бекіту, Қорытынды аттестаттау комиссиясының төрағаларын бекіту туралы, Университет ОПҚ-ның құжаттарын ғылыми атақ алу үшін ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне ұсыну туралы, Университет ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралы, мен монографияларын бекіту және баспаға ұсыну туралы, «Түрік тілі (Деңгей І, ІІ)» пәнін Лингвистикалық орталық базасына көшіру туралы т.б маңызды мәселелер қаралды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 