ЗАҢ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Келісімнің мақсаты – AI-Jan әлеуметтік бағыттағы цифрлық платформасын өңірлік деңгейде дамыту және Түркістан қаласының орта мектептері мен колледждеріне енгізу арқылы кәмелетке толмағандар арасындағы буллингтің, психологиялық қысымның, девиантты мінез-құлықтың және суицидтік тәуекелдердің алдын алу саласында Тараптардың өзара ынтымақтастығын қамтамасыз ету.
Басқосуда ректор Жанар Темірбекова университетіміздің кез келген мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен ашық, жүйелі әрі нәтижелі әріптестікке дайын екенін атап өтті.
Сондай-ақ университетте жаңа, сапалы және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыра алатын мықты әрі кәсіби команда қалыптасқанын ерекше жеткізді.
Тараптар алдағы уақытта жоба аясында бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға, тәжірибе алмасуға, әдістемелік және сараптамалық қолдау көрсетуге уағдаласты.
Меморандум шеңберінде цифрлық шешімдерді енгізу, профилактикалық жұмыстарды күшейту және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіледі.
Бұл әріптестік – балалардың құқықтарын қорғауға, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алуға және өңірде тұрақты профилактикалық механизмдерді қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Айта кетейік, AI-Jan жобасы университеттің Коммерцияландыру офисі тарапынан жүзеге асырылатын YASAWI STARTUP бағдарламасы аясында әзірленіп, бүгінде практикалық деңгейде енгізіліп отыр.
Жобаны іске асыруда Коммерцияландыру офисі толық кураторлық және әдістемелік сүйемелдеу жүргізіп, оның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 